Айнымалы ток
Тұрақты ток
II қорғау класы (қос изоляция)
Литий-иондық аккумулятор
Аккумуляторды еш жағдайда соқпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
Аккумуляторды құлатып жібермеңіз. Соққы тиген немесе басқа жолмен зақымдалған
аккумуляторды пайдаланбаңыз.
1.4
Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Жарық бағанасы
Буын
Сериялық нөмір
1.5
Сәйкестілік декларациясы
Өндіруші осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы заңнамаға және қолданыстағы
стандарттарға сәйкес екендігін толық жауапкершілікпен жариялайды. Сәйкестілік декларациясының
суреті осы құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2
Қауіпсіздік
2.1
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Ескерту! Барлық нұсқауларды оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындау кезіндегі
қателер ток соғуына, өртке әкелуі және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Бұл нұсқауларды мұқият сақтаңыз.
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және нашар
жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Аталмыш өнімді дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдарға пайдалануға тыйым салынады.
▶ Өнімді кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
▶ Балаларды қадағалау керек және олардың өніммен ойнамағанына көз жеткізу керек.
▶ Өнімді өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз.
▶
Өнімді жаңбырдан немесе ылғал әсерінен қорғаңыз. Өнім ішіне судың енуі ток соғудың қаупін
арттырады.
▶ Электр тогының соғу қаупін азайту үшін өнімді жаңбыр жауғанда, су астында немесе басқа
сұйықтықтың ішінде пайдаланбаңыз. Өнімді, ол құлаған жағдайда суға түспейтіндей етіп орнатыңыз.
▶ Шам бастиегінің үстін жаппаңыз.
▶ Өнімдегі ешқандай ыстық бөлшектерге тимеңіз. Күйіп қалу қаупі бар!
*2385040*
SL 1022
01
2385040
Қазақ
57