Redmond RK-M124-E Guia Del Usuario página 123

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
7.
Электр қоректендіру бауы
8. MIN 0.5 L және MAX 1.5 L белгілер
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау мате-
риалдары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) жәнеұйым-
ның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосарал-
дында кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Құралдың тұрқын ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Алмалы-салмалы бөлшектерін жылы
сумен жуып, электр желісіне қосар алдында құралдың барлық элементтерін мұқият
кептіріңіз.
Құралды өндіру және сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау кезінде пайда болған шаң
мен мүмкін болатын бөгде заттардан жою үшін өлшемді шәкілдің MAX 1.5 L
максималды белгісіне дейін шәйнекке су құйыңыз, оны кейін қайнатыңыз. Суға
лимон қышқылының 1-2 қасығын суға қосуға болады. Суды төгіп, шәйнек суық
сумен шайыңыз. Қажеттілігіне қарай осы әрекетті қайталаңыз.
II. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Тұғырлы шәйнекті қатты тегіс құрғақ көлденең бетке орнатыңыз. Орнату
барысында қайнағанда шығатын будың тұсқағаздар, декоративті жабындылар,
электрондық аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температудан зардап
шегуі мүмкін басқа да заттарға тимегенін қадағалаңыз.
2. Электр сымын қажетті ұзындығы бойынша жазыңыз. Артық бөлігін түпқойма
астындағы қуысқа орналастырыңыз. Қажеттілікке қарай керекті қуаты бар
ұзартқышты қолданыңыз (2,5 кВт кем емес).
3. Тұғырдан шәйнекті алып тастаңыз. Қақпақты ашатын батырмасын басыңыз,
қақпағын ашыңыз.
4. Шәйнекке су құйыңыз. Шәйнектегі судың деңгейі қапталдағы MIN 0.5 L және
MAX 1.5 L белгісінің арасында болуы керек. Егер шәйнекті MAX белгісінен
жоғары толтырсаңыз, қайнаған кезде қайнаған су шашырауы мүмкін. Егер су
тым аз болса, аспап алдын ала өшіп қалуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап тек су қайнатуға арналған.
5. Шәйнектің қақпағын жабыңыз және шәйнекті орнына қойыңыз. Құрал егер
дұрыс орнатылса жұмыс істейтін болады.
6. Құралды электр желісіне қосыңыз. Ажыратқышты басыңыз. Индикатор жағылып,
суды қыздыру үдерісі басталады.
7.
Суды қыздыру үдерісін тоқтату үшін ажыратқышты көтеріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер қайнату барысында сіз шәйнекті өшпеген күйі тұғыр-
дан алып тастасаңыз, бірақ түймешігі қосулы күйінде қалады. Егер содан кейін
шәйнекті тұғырға қойсаңыз, су қыздыру жалғасады. Шәйнекті тұғырдан алған
соң, оны ылғи түймешігін «Өшірілген» күйіне апарып, өшіріп отырыңыз.
8. Жұмыс аяқталған соң аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Қауіпсіздік жүйесі
Шәйнек су қайнағаннан кейін автоматты ажыратылу жүйесімен жабдықталған.
Шәйнектің ішінде су жоқ кезде немесе жеткіліксіз болған кезде қатты қызып
кетуден автоматты қорғаныс істеп кетеді. Оны суығанша күтіңіз. Одан кейін
құрал жұмысқа дайын болады.
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Тазалар алдында шәйнекті электр желісінен ажыратып, суытыңыз. Шәйнек пен
тұғырды аратұра дымқыл жұмсақ матамен тазартып отырыңыз.
Шәйнек, тұғыр, электр бау немесе штепсельді суға батырмаңыз: электр түйіс-
пелер суға тимеуі тиіс!
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер абразивті
паста ларды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез келген химиялық
грессивті немесе асқа жанасатын заттармен бірге қолдануға кеңес берілмеген
басқа да заттарды қолдануға болмайды.
Тоттан тазалау
Пайдалану барысында, қолданылатын судың құрамына байланысты аспаптың ішкі
қабырғаларында, қыздыру элементінде қақ тұруы мүмкін. Оларды кетіру үшін ас үй
техникасына арналған тазалау және қақ кетіруге арналған арнайы қырмайтын зат-
тарды қолданыңыз.
1. Шәйнекті тазалар алдында оны толық суытыңыз.
RK-M124-E
GBR
FRA
DEU
LTU
LVA
EST
SVK
CZE
POL
KAZ
UKR
KAZ
KAZ
123
loading