Redmond SkyKettle RK-M173S-E Manual De Usuario página 182

Ocultar thumbs Ver también para SkyKettle RK-M173S-E:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
Өндіруші осындай өзгерістер туралы қосымша хабарламастан өз өнімін жетіл-
діру барысында оның дизайны, жинағы, сонымен қатар бұйымның техникалық
сипаттамаларына өзгеріс енгізуге құқылы.
Шәйнек құрылымы
A1
1. Корпус
2. Шүмек және алынбалы қаққа қарсы сүзгі
3. Қақпақ
4. Қақпақты ашу басқышы
5. Тұтқа
6. Су деңгейінің шкаласы
7. Табандағы электр сымды сақтауға арналған саңылау
8. Дисплеймен бірге басқару пернесі
9. Суды қыздыруды реттеу батырмалары; қашықтықтан басқаруды қосу/ажы-
рату; басқару панелін бұғаттау
10.
батырмасы – шәйнекті қосу/ өшіру
11.
батырмасы – температураны сақтау функциясын басқару; дыбыстық да-
былдарды қосу/өшіру;
12. Электр қоректендіру бауы
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз. Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма
көрсеткіш (бар болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені орнында
міндетті түрде сақтаңыз.
Бұйымда сериялық нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет көрсету құқығынан авто-
матты түрде айырыласыз.
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз, содан кейін кептіріп сүртіңіз. Алғаш
пайдаланған кезде бөгде иістің пайда болуы аспап ақауының салдары болып
табылмайды.
Төмен температураларда тасымалдаған соң немесе сақтаған соң аспапты қосар
алдында кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Өндіруші пайдалана бастар алдында ықтимал бөгде иістерді кетіру және аспап-
ты дезинфекциялау үшін шәйнектегі суды бірнеше рет қайнатуға кеңес береді.
Құралды өндіру және сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау кезінде пайда болған шаң
мен мүмкін болатын бөгде заттардан жою үшін өлшемді шәкілдің максималды
182
белгісіне дейін шәйнекке су құйыңыз, оны кейін қайнатыңыз. Суға лимон қышқылы-
ның 1-2 қасығын суға қосуға болады. Суды төгіп, колбаны суық сумен шайыңыз.
Қажеттілігіне қарай осы әрекетті қайталаңыз.
II. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Жұмыс істеуге дайындық
1. Тұғырлы шәйнекті қатты тегіс құрғақ көлденең бетке орнатыңыз. Орнату
барысында қайнағанда шығатын будың тұсқағаздар, декоративті жабындылар,
электрондық аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температудан зардап
шегуі мүмкін басқа да заттарға тимегенін қадағалаңыз.
2. Электр сымын қажетті ұзындығы бойынша жазыңыз. Артық бөлігін түпқойма
астындағы қуысқа орналастырыңыз. Қажеттілікке қарай керекті қуаты бар
ұзартқышты қолданыңыз (2,5 кВт кем емес).
3. Тұғырдан шәйнекті алып тастаңыз. Құралдың тұтқасындағы ашылу батырма-
сын басыңыз.
4. Шәйнекке су құйыңыз. Шәйнектегі судың деңгейі қапталдағы MIN және MAX
белгісінің арасында болуы керек. Егер шәйнекті MAX белгісінен жоғары
толтырсаңыз, қайнаған кезде қайнаған су шашырауы мүмкін. Егер су тым аз
болса, аспап алдын ала өшіп қалуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап тек су қайнатуға арналған
5. Шәйнек қақпағын сыртыл естілгенше жауып, оны тұғырға орнатыңыз. Аспап
дұрыс орнатылған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады.
6. Құралды электр желісіне қосыңыз. Бір қысқа дыбыстық дабыл шығады (егер
дыбыстық дабылдар қосулы болса), панель мен дисплейдегі барлық индика-
торлар, сондай-ақ дисплейдің жарығы 1 секундқа жанады. Одан кейін құрал
күту режиміне ауысады. Күту режимінде дисплей жанбайды, дисплейдің
төменгі бөлігінде шәйнектегі су температурасының ағымдағы мәні көрінеді.
Дыбыстық дабылдарды қосу/өшіру
1. Күту режимінде дыбыстық дабылдарды өшіру үшін «–» батырмасын басыңыз
және оны жібермей
батырмасын басыңыз. Дисплейдің жоғарғы жағында
S индикторы, төменгі жағында OFF индикаторы көрінеді. 5 секундтан кейін
баптаулар автоматты түрде сақталады, құрал күту режиміне ауысады.
2. Күту режимінде дыбыстық дабылдарды қосу үшін «–» батырмасын басыңыз және
оны жібермей
батырмасын басыңыз. Құрал дыбыс шығарады, дипслейдің
жоғарғы жағында S, төменгі жағында On индикаторы пайда болады. 5 секундтан
кейін баптаулар автоматты түрде сақталады, құрал күту режиміне ауысады.
A2
loading