▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Кескіш құралға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Электрлік қондырғылардың жанында жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік
Әр жұмысты бастамас бұрын тәуекелді бағалау керек; және қажетті сақтық шараларын қолдану керек.
Электрлік қондырғылардың жанында жұмыс істеп тұрған персонал жұмыс аймағында қолданылатын,
қауіпсіздік талаптарын және қауіпсіздік пен кәсіпорын ережелерін білуі тиіс.
Үш жұмыс әдісін ажыратуға болады: Кернеусіз күйде жұмыс істеу, кернеу астында жұмыс істеу, кернеу
астындағы бөлшектердің жанында жұмыс істеу. Барлық үш әдіс ток соғуға және қысқа тұйықталу
мен доғалы разряд жарқылының әсерлеріне қарсы тиімді сақтық шараларын талап етеді. Қосымша
ақпарат алу үшін EN 50110 стандартын және басқа да ұлттық талаптар мен процедураларды қараңыз.
Таңдалған барлық процедуралар мен құралдардың жұмыс өткізілетін қондырғы үшін жарамдылығы
тексерілуі қажет.
▶ Электрлік қондырғыларда кез келген жұмыстар өткізген кезде EN 50110 сияқты жарамды
халықаралық, ұлттық және жергілікті заңдар мен ережелерді сақтаңыз.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Кескіш құралдарды пайдалану және кернеу өткізгіш бөлшектер мен сымдардың жанында кез
келген жұмыстар өткізу бойынша елге тән қолданыстағы стандарттар мен қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын орындаңыз.
▶ Ток өткізгіш сымдардың жанында жұмыс істейтін персонал жүйелі түрде оқыту курстарынан өтуі
тиіс.
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды.
▶ Майдың ағып жатқанын байқасаңыз, құралды ары қарай пайдаланбаңыз және Hilti қызмет көрсету
орталығына жолығыңыз. Ағып кеткен майды бірден кетіріңіз.
▶ Кесу барысында міндетті түрде кескіш бастиек пен қолыңыз/саусағыңыздың арасында жеткілікті
аралықтың бар болғанына көз жеткізіңіз.
▶ Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
▶ Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
▶ Механикалық керіліс астында тұрған сымдарды кеспеңіз.
▶ Кескіш құралды әрқашан екі қолмен арнайы тұтқыштарынан ұстап тұрыңыз.
▶ Аталмыш құралға белдікке ілуге арналған ілгекті монтаждамаңыз.
*2321718*
2321718
Қазақ
285