WEV 850-115, WEV 850-125, W 900-115, W 1100-
115, W 1100-125:
2-беттегі C суретін қараңыз.
- Қыспа бұранданы (16) қорғаныш қалпақтың
қыспа сақинасы (17) жеткілікті кеңейтілетіндей
етіп босатыңыз.
- Қорғаныш қалпақты (11) көрсетілген күйде
орнатыңыз.
- Қорғаныш қалпақты оның жабық бөлігі
пайдаланушыға қарап тұратындай етіп
бұраңыз.
- Қыспа бұранданы (16) мықтап тартыңыз. Берік
орнатылғанын тексеріңіз - қорғаныш қалпақ
(11) айналмауы тиіс.
WP 1100-115, WQ 1100-125, WEQ 1400-125:
2-беттегі D суретін қараңыз.
- Иінтіректі (18) басып тұрыңыз. Қорғаныш
қалпақты (11) көрсетілген күйде орнатыңыз.
- Иінтіректі жіберіп, ол тірелгенше қорғаныш
қалпақты бұраңыз.
- Иінтіректі басып, қорғаныш қалпақты оның
жабық бөлігі пайдаланушыға қарап
тұратындай етіп бұраңыз.
- Берік орнатылғанын тексеріңіз: иінтірек
бекітіліп тұруы және қорғаныш қалпақ
айналмауы тиіс.
7. Ажарлағыш дөңгелекті
орнату
Қайта жабдықтау бойынша барлық
жұмыстардың алдында: желілік ашаны
розеткадан суырыңыз. Аспап қосылып тұруы
және шпиндель қозғалмай тұруы тиіс.
Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін
қауіпсіздік тұрғысынан кескіш дөңгелекке
арналған қорғаныш қалпақты («Керек-
жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз)
пайдаланыңыз.
7.1
Шпиндельді бекіту
- Шпиндель бекіткішінің түймесін (4) басыңыз
және
шпиндельді (3) бекіткіш түймесі шерту
дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз.
7.2
Ажарлағыш дөңгелекті орналастыру
2-беттегі A суретін қараңыз.
- Тіреуіш фланецті (2) шпиндельге орнатыңыз.
Фланец шпиндельде айналмаған жағдайда
дұрыс орнатылған деп есептеледі.
Тек W ... -100: тіреуіш фланецті екі саңылаулы
кілттің көмегімен шағын буылтығы (диаметрі
16 мм) жоғары қарап тұратындай шпиндельге
бұрап орнатыңыз.
Қорғаныш қалпақтан кем
дегенде 3,4 мм шамасына
шығып тұратын алмалы-
салмалы құралдарды
пайдаланыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті тіреуіш фланецке (2)
орналастырыңыз. Ажарлағыш дөңгелек
тіреуіш фланецпен біркелкі жанасуы тиіс.
7.3
M-Quick қыспа гайкасын бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
M-Quick қыспа гайкасын (1) бекіту:
Тек WQ1100-125, WEQ 1400-125 үшін.
Егер қысу диапазонындағы алмалы-
салмалы құралдың қалыңдығы 7,1 мм
шамасынан артық болса, M-Quick қыспа
гайкасын пайдалануға тыйым салынады! Бұл
жағдайда екі саңылаулы гайканы (12) екі
саңылаулы кілтпен (13) бірге пайдаланыңыз.
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
- M-Quick қыспа гайкасын (1) 2 шығыңқы жер
шпиндельдің 2 ойығына кіретіндей
шпиндельге (3) орнатыңыз. 2-беттегі суретті
қараңыз.
- M-Quick қыспа гайкасын сағат тілінің
бағытымен қолмен бұрап тартыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті сағат тілінің
бағытымен күштеп бұрау арқылы M-Quick
қыспа гайкасын тартыңыз.
M-Quick қыспа гайкасын (1) босату:
M-Quick қыспа гайкасы (1) орнатылып
тұрғанда ғана шпиндельді бекіткіш
түймесімен (4) тоқтатуға рұқсат етіледі!
- Аспап өшірілгеннен кейін инерция бойынша
қозғала береді.
- Ажарлағыш дөңгелек толық тоқтамас бұрын,
шпиндель бекіткішінің түймесін (4) басыңыз.
M-Quick қыспа гайкасы (1) босап қалады.
7.4
Екі саңылаулы гайканы бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
Екі саңылаулы гайканы (12) бекіту:
Екі саңылаулы гайканың 2 жағы бір-бірінен
өзгешеленеді. Екі саңылаулы гайканы
шпиндельге төмендегідей бұрап орнатыңыз:
2-беттегі B суретін қараңыз.
- X) Жұқа ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Екі саңылаулы гайканың (12) буылтығы
ажарлағыш дөңгелекті мықтап қысу үшін
жоғары қарап тұр.
Y) Қалың ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Екі саңылаулы гайканың (12) буылтығы екі
саңылаулы гайканы шпиндельге берік бекіту
үшін төмен қарап тұр.
Z) Тек W ... -100 үшін:
Екі саңылаулы гайканың буылтығы төмен
қарап тұр немесе тегіс беті жоғары қарап тұр.
- Шпиндельді бекітіңіз. Екі саңылаулы гайканы
(12) екі саңылаулы кілттің (13) көмегімен сағат
тілінің бағытымен бұрап тартыңыз.
Екі саңылаулы гайканы босату:
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз). Екі
саңылаулы гайканы (12) екі саңылаулы кілттің
(13) көмегімен сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап шығарыңыз.
ҚАЗАҚША kk
133