Metabo W 750-100 Manual Original página 131

Ocultar thumbs Ver también para W 750-100:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 46
4.6
Сым қылшақтармен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар:
а) Сым қылшақ әдеттегідей пайдаланылған
кезде де, оның ішінен сым бөлшектері
түсетінін ескеріңіз. Сымдарға тым жоғары
басу қысымы арқылы артық жүктеме
түсірмеңіз. Ұшпа сым бөлшектері жұқа киім
және/немесе тері арқылы оңай кіріп кетуі
мүмкін.
ә) Қорғаныш қалпақты пайдалануға кеңес
берілсе, қорғаныш қалпақ пен сым
қылшақтың жанасуына жол бермеңіз.
Тәрелкелі және табақшалы қылшақтардың
диаметрі басу қысымы мен ортадан тепкіш
күштің әсерінен ұлғаюы мүмкін.
4.7
Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар:
ЕСКЕРТУ – Әрдайым қорғаныш
көзілдірікті тағып жүріңіз.
Құлақ қорғанысын киіп жүріңіз.
ЕСКЕРТУ – электрлік құралды әрдайым
екі қолмен пайдаланыңыз.
Ажарлағыш дөңгелекке арналған
қорғаныш қалпақты абразивті кесу
жұмыстары үшін пайдаланбаңыз. Кескіш
дөңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік
тұрғысынан кескіш дөңгелекке арналған
қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз.
Сегменттер аралығы 10 мм-ден асатын
сегменттелген алмасты кескіш дөңгелектерді
пайдаланбаңыз. Тек теріс сегменттік кесу
бұрыштарына рұқсат етіледі.
Байланыстырылған кескіш дөңгелектерді, олар
нығайтылған болса ғана пайдаланыңыз.
Иілгіш төсемелерді ажарлағыш құралмен бірге
жеткізілген және талап етілген жағдайда
қолданыңыз.
Құрал мен керек-жарақ өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз! Дөңгелектерді май
мен соққыдан қорғаңыз!
Алмалы-салмалы құралдарды өндірушінің
нұсқауларына сәйкес ұқыпты сақтау және
қолдану керек.
Ешқашан кескіш дөңгелектерді сиыра ажарлау
немесе тегістеу жұмыстары үшін
пайдаланбаңыз! Кескіш дөңгелектерге бүйірлік
қысым қолдануға тыйым салынады.
Дайындаманы, мысалы, қысқыш
құрылғылардың көмегімен берік бекіту және
жылжып кетуден қорғау керек. Үлкен
дайындамаларды жеткілікті түрде тіреп қою
керек.
Бұрандалы ендірмесі бар алмалы-салмалы
құралдар пайдаланылған кезде, шпиндель ұшы
ажарлағыш құрал саңылауының түбіне тимеуі
тиіс. Алмалы-салмалы құрал ирек оймасының
ұзындығы шпиндель үшін жеткілікті екендігіне
көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы құралдың ирек
оймасы шпиндельдің ирек оймасына сәйкес
келуі тиіс. Шпиндель ұзындығы мен шпиндель
ирек оймасын 3-беттен және «Техникалық
деректер» атты 14.-бөлімнен қараңыз.
Жарамды стационарлық сорғыш құрылғыны
пайдалануға кеңес беріледі. Әрдайым макс.
жылыстау тогы 30 мА құрайтын FI автоматты
ажыратқышын (RCD) алдын ала қосыңыз.
Бұрыштық ажарлағыш FI автоматты
ажыратқышы арқылы өшірілген жағдайда,
аспапты тексеру және тазалау керек. «Тазалау»
атты 9.-бөлімді қараңыз.
Зақымдалған, деформацияға ұшыраған немесе
дірілдейтін құралдарды пайдалануға тыйым
салынады.
Газ немесе су құбырларының, электрлік
желілердің және көтергіш қабырғалардың
(статика) зақымдалуына жол бермеңіз.
Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау немесе
техникалық қызмет көрсету әрекетін орындамас
бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып
алыңыз.
Metabo S-automatic сақтандырғыш муфтасы
(тек WQ 1100-125, WEQ 1400-125).
Сақтандырғыш муфта іске қосылған жағдайда,
аспапты дереу өшіріңіз!
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар
қосымша тұтқышты алмастыру керек. Қосымша
тұтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар
қорғаныш қалпақты алмастыру керек. Қорғаныш
қалпағы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз.
Аталмыш электрлік құрал жылтыратуға
арналмаған. Аспап мақсатынан тыс
пайдаланылған жағдайда, кепілдік бойынша
қызмет көрсету тоқтатылады! Қозғалтқыш қатты
қызып кетуі және электрлік құрал зақымдалуы
мүмкін. Жылтырату жұмыстары үшін біздің
бұрыштық жылтыратқышты пайдалануға кеңес
береміз.
Шағын дайындамаларды бекітіңіз. Мысалы,
оларды білдек қысқышында қысыңыз.
Фланец орнатылған екі мақсатты дөңгелектер
(құрама ажарлағыш және абразивті кескіш
дөңгелектер) пайдаланылған жағдайда, тек
келесі қорғаныш қалпақ түрлерін пайдалануға
болады: A түрі, C түрі.
11.-бөлімді қараңыз
Дұрыс қорғаныш қалпақты пайдалану:
Қате қорғаныш қалпақ бақылау мүмкіндігінен
айырылуға және ауыр жарақат алуға әкелуі
мүмкін. Қате пайдалану мысалдары:
- A түріндегі қорғаныш қалпақ бүйірінен
ажарлау мақсатында пайдаланылғанда,
қорғаныш қалпақ пен дайындама бір-біріне
кедергі келтіріп, жеткіліксіз бақылауға әкелуі
мүмкін.
- B түріндегі қорғаныш қалпақ
байланыстырылған кескіш дөңгелектермен
абразивті кесу мақсатында пайдаланылғанда,
ажарлағыш дөңгелек сынып қалған жағдайда,
ҚАЗАҚША kk
131
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido