Hilti NURON SPN 6-22 Manual De Instrucciones página 360

Ocultar thumbs Ver también para NURON SPN 6-22:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 67
3. Қосқыш/ажыратқышты бекітіңіз.
6.2
Кесу
5
ЕСКЕРТУ
Абайлаңыз Дөкір құралдар шапқыш қайшыға артық жүктеме түсіреді!
▶ Әрдайым штемпельдің кескішінде тозған жерлердің бар-жоғын тексеріңіз. Шапқыш қайшыны
сақтау үшін штемпельді дер кезінде алмастырыңыз.
1. Штемпельдің қызмет ету мерзімін ұзарту және кесу нәтижелерін жақсарту үшін кесік ізін майлаңыз.
2. Өнімді қосыңыз. → Бет 353
3. Толық айналу жиілігіне жеткен кезде, шапқыш қайшыны дайындамаға апарыңыз.
▶ Іштен кесік жасаған кезде алдымен пайдаланылатын құралға жарамды бастапқы саңылауды
дайындап қойыңыз.
4. Қажетті кесік сызығын өңдеңіз.
5. Кесуді аяқтаған соң өнімді өшіріңіз. Кесік ізі дайындамада аяқталса, қосылған өнімді алдымен кесік
сызығында бірнеше миллиметрге кері тартыңыз да, содан кейін өнімді өшіріңіз.
Шапқыш қайшы толықтай тоқтамаған болса, оны жоңқаға орналастырмаңыз.
қозғалтқышпен сорылуы мүмкін.
6.3
Үлгімен кесу
6
Опция: SPN­CN
Үлгімен кесуге мына талаптар қойылады:
Үлгінің қалыңдығы 5 ­ 7 мм болуы тиіс.
Үлгінің контуры кесік контурынан 2,5 мм арақашықтықта болуы тиіс.
4 мм шамасындағы минималды радиусты сақтаңыз. Үлгінің минималды радиусы сәйкесінше 6,5 мм
құрайды.
Шапқыш қайшыны штемпель бағыттауышының сыртқы жиегі әрдайым үлгіде жататындай етіп
бағыттау керек.
6.4
Өшіру
▶ Қосқыш/ажыратқыштың артқы бөлігін басыңыз.
▶ Қосқыш/ажыратқыш өшірулі күйіне орнатылып, қозғалтқыш тоқтатылады.
7
Қосымша аксессуарлар
7.1
Жоңқа жинағыш қапты орнату
Опция: SPN­CN
Жоңқа бақылаусыз шашырамауы үшін, жоңқаны жинау үшін арнайы қапты орнатуға болады.
1. Жоңқа жинағыш қаптағы серіппенің екі ұшын қыстырыңыз.
2. Серіппені қалыптың астыңғы ұшына орналастырып, серіппенің ұштарын босатыңыз.
3. Серіппе мен жоңқа жинағыш қаптың дұрыс және берік орнатылғанын тексеріп шығыңыз.
8
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бар болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
354
Қазақ
7
2327535
Жоңқа
*2327535*
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido