Lovi LS-BE221 Manual página 77

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 48
Дене немесе психикалық денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі адамдар, сондай-ақ қажетті білімі жоқ
адамдар (соның ішінде балалар) құралды тек қадағалаумен немесе олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
тұлғадан тиісті нұсқау алғаннан кейін ғана пайдалана алады.
Құралды денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғалар пайдаланғанда немесе балалар болған жағдайда қараусыз
қалдырмаңыз.
Құралды тазалауды және жөндеуді балаларға жүктемеңіз.
Қосылып тұрған құралды балалардың жанында қалдырмаңыз.
Пайдаланылмайтын құралды әрқашан желіден ажыратып жүріңіз.
Құралды өзіңіз жөндемеңіз (қосалқы бөлшектер жеткізілім жиынтығына кірмейді).
Барлық жөндеу жұмыстарын өндірушінің немесе жеткізушінің қызмет көрсету орталығы жасауы керек (бар
болса).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗУ ҚҰРАЛДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНА НЕМЕСЕ КҮЙІП ҚАЛУҒА
АЛЫП КЕЛУІ МҮМКІН.
Жылытқыш балалар тағамын, тамақтандыруға арналған бөтелкелерді және ілеспе заттарды жылумен
өңдеуге арналған.
Оны дұрыс пайдаланбау зақымдануға немесе күйіп қалуға алып келуі мүмкін.
Жылытқышты тек қана мақсаты бойынша пайдалануға болады; кез-келген басқа қолданыс кепілдік
шарттарын бұзады (егер бар болса).
Жылытқыш тек тұрмыстық қолдануға арналған. Оны ғимараттан тыс жерде қолдануға тыйым салынады.
Суық жағдайда тасымалдағаннан кейін құралды бөлме температурасында алдын ала біраз ұстау керек.
Жылытқышты тегіс, орнықты, құрғақ, ылғалға және ыстыққа төзімді балалардың қолы жетпейтін жерге
орнату керек.
Жылытқышты сусыз қоспаңыз.
Қосу алдында жылытқыштың ішіндегі судың мөлшерін тексеріңіз (төмендегі кестені қараңыз). Қайта
пайдалану алдында алдыңғы циклден қалған суды төгіп тастаңыз.
Жылытқыштың өлшеуіш стақанын балалар тағамын өлшеу үшін қолданбаңыз.
Өрттің алдын алу үшін жылытқышта майлы және тез жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Жылытқышты пайдалану барысында аса сақтық таныту керек, оның ішіндегі ыстық суға және одан шыққан
буға күйіп қалмау ұшін абай болыңыз. Жұмыс істеп тұрған құралға еңкеймеңіз және оның үстіне қолыңызды
ұстамаңыз.
Жылыту барысында немесе ыстық суымен орынын ауыстырмаңыз және жылжытпаңыз.
Қосылып тұрған жылытқышты ұстамаңыз.
Құралдың беті жұмыс барысында қызуы мүмкін және ол тоқтағаннан кейін кейбір жерлері ыстық күйінде
қалуы мүмкін.
Заттарды шығару және орналастыру үшін жылытқышты суытып алыңыз.
Күйіп қалмас үшін жылытқыштағы суды суығаннан кейін бірақ төгіңіз. Құралды суымен қалдырмаңыз.
Қолданып болғаннан кейін құралды әрдайым өшіріп жүріңіз (сонымен қатар желіден де).
Құралды ойыншық ретінде қолданбаңыз. Құралды пайдалану және сақтау орны (оның барлық бөлшекетрін
қоса алғанда) оның баламен байланыс мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
Жылытқышты бөлшектеуге тыйым салынады.
Құралдың құрылымына өзгерістер енгізуге тыйым салынады; қабылданған сәйкестік декларациясы
тұтынушы өзгерткен құралдарға қолданылмайды.
Құралды қауіпсіз қолдану туралы сұрақтарыңыз болса, өндірушіге немесе жеткізушіге хабарласыңыз.
Әр қолданар алдында құралды мұқият қарап шығыңыз. Зақымдануды байқаған жағдайда қолдануды
тоқтатып, өндірушінің немесе жеткізушінің қызмет көрсету орталығына хабарласу керек (бар болса).
ҚҰРАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БАРЫСЫНДА НҰСҚАУЛЫҚТЫ ҚАТАҢ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
ОНЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНБАҒАН САЛДАРЫ ҮШІН ӨНДІРУШІ МЕН ЖЕТКІЗУШІ ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ
77
KZ
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido