Lovi LS-BE221 Manual página 76

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 48
БӨТЕЛКЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН LOVI ЖЫЛЫТҚЫШЫМОДЕЛЬ LS-BE221
БӨТЕЛКЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН LOVI ЖЫЛЫТҚЫШЫ, МОДЕЛЬ LS-BE221, ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН.
ҚОСА ТІРКЕЛГЕН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТА МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ БАР. ЖҰМЫСТЫ БАСТАР АЛДЫНДА
НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРАЛДЫ БҮКІЛ ҚОЛДАНУ КЕЗЕҢІНДЕ
САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ. ТОПТАМА НӨМІРІН ҚАПТАМАДАН ҚАРАҢЫЗ.
Бөтелкелеріге арналған LOVI жылытқышын сатып алуыңызбен құттықтаймыз!
Онымен балалар тағамын қажетті температурада бірнеше минут ішінде дайындауға болады. Ол қаншалықты
суық болса да, LOVI жылытқышы оны тез және біркелкі жылытуға мүмкіндік береді. Және тек жылытып қана
қоймай, сонымен қатар температураны ұстап тұрады. Сондықтан тамақ үнемі дайын болып тұрады. Сонымен
қатар құрал еріту міндетін де атқарады және тамақтандыруға арналған бөтелкелердің гигиенасын сақтауға
көмектеседі.
Жылытқышты қолдану барысында келесі ережелерді сақтау қажет:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр тоғымен зақымдануды болдырмау үшін құралды ылғалдан сақтаңыз. Құралды,
желі баусымды және желі баусымының ашасын суға немесе басқа да сұйықтықтарға салмаңыз. Ылғалды
қолыңызбен құралды қоспаңыз және құралды ұстамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоқ соғудан жалпы қорғауды қамтамасыз ету үшін құралды жерлендіруші контактісі
бар розеткаға қосыңыз. Құралды қосу алдында желі баусымының ашасы электр желісі розеткасына дұрыс
жалғанғанын тексеріңіз.
Алғаш рет қосқанда, құралда көрсетілген кернеу желідегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз
(бөтелкелерге арналған LOVI жылтқышы, модель LS-BE221, 220–240 В кернеуге арналаған).
Құрал желі баусымын орауға арналған құрылғымен жабдықталған. Баусымды барынша қысқа ұстаңыз, желі
баусымының салбырап тұруына және ыстық беттермен ұштасуына жол бермеңіз.
Баусымның қысқалығы оған шалынуға, шатысуға және осының салдарынан жарақат алуға жол бермейді.
Қажет болса ұзартқыш қолданыңыз, оны желі баусымына дұрыс қосу керек және ақаусыз тұтыну қажет.
Қолданылатын ұзартқыш:
Құралда көрсетілген кернеуге сәйкес болуы керек.
1.
Құралда көрсетілген қуатқа сәйкес келуі керек.
2.
CE белгісі бар болуы керек.
3.
Ақаусыз (сыртқы механикалық зақымсыз және т.б.) болуы керек.
4.
Жұмысшы беттің шетінен асылып шығып тұрмайтын және өтуге кедергі жасамайтын балалардың қолы
5.
жетпейтін жерде орналастыру керек.
Егер құрал жерлендіргіш ашасымен жабдықталған болса, онда жерлендіруші контактісі бар үш тарамды
ұзартқышты қолдану қажет.
Ашаны розеткадан ажырату барысында розетканы бір қолмен ұстап тұру керек, желі баусымынан тартпаңыз.
Құралды желі баусымынан ұстап тұрып орнынан ауыстырмаңыз және жылжытпаңыз.
Қуат көзінің сымдарын олардың жай-күйін бақылауға кедергі болуы мүмкін жиһаз немесе басқа да заттардың
астына қоймаңыз.
Құралды ыстық газ немесе электр плитасына, олардың жанына, сонымен қатар қызып тұрған духовкаға
қоймаңыз. Тікелей күн сәулесінен қорғаңыз. Қуат көзінің сымдарын жылу көздерінен (жылытқыштар,
орталық жылыту құбырлары және т.б.) жеткілікті қашықтықта орналастырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды көрінетін механикалық зақымдар (оның ішінде желі баусымының немесе
ашасының), жұмыс істеу барысында ақаулықтар және тағы да басқа ақаулар бар болған жағдайда қолдануға
тыйым салынады. Ақауларды қауіпсіз түрде ауыстыру үшін (соның ішінде желі баусымын немесе ашаны)
өндірушінің немесе жеткізушінің өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (бар болса).
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
76
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido