Бұйымды іске қосу
Бұйымды тегіс бетке қойыңыз.
Электр ашасын электр розеткасына салыңыз.
Су беру жүйесі
Байланыс мəліметтерін Түр тақтасы/техникалық
мəліметтер бөлімінде қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Судағы қоспалар жоғары қысымды сорғышқа жəне
керек-жарақтарға зақым келтіруі мүмкін. Қорғаныс
үшін KÄRCHER су сүзгісін (қосымша керек-жарақ,
тапсырыс нөмірі 4.730-059) пайдалану ұсынылады.
Құбырдан су беру жүйесі
Су беру мекемесінің нұсқауларын орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Су тежеуіші бар металдан жасалған шланг
муфталары сорғыштың зақымдалуына апаруы
мүмкін! Пластиктен жасалған шланг муфтасын
немесе жезден жасалған KÄRCHER шланг
муфтасын пайдаланыңыз.
Су ағыны шлангісін су жеткізу жеріндегі муфтаға
орнатыңыз.
Су ағыны шлангісін су беру жүйесіне жалғаңыз.
Құбыр кранын толығымен ашыңыз.
Суды ашық сауыттан сорғыту
Бұл жоғары қысымды тазалағыш беттегі суды,
мысалы, жаңбыр не тоғаннан, сорғыту үшін кері
клапаны (қосымша керек-жарақ, тапсырыс нөмірі
4.440-238) бар KÄRCHER сорғыту шлангісімен бірге
пайдаланылады (максималды сорғыту биіктігін
техникалық мəліметтерден қараңыз).
Нұсқау: Максималды сорғыту биіктігі - 0,5 м.
Су жеткізу жерінен муфтаны шығарыңыз.
Сорғыту шлангісін сумен толтырыңыз.
Сорғыту шлангісін бұйымның су жеткізу жеріне
бекітіңіз жəне су көзіне (мысалы, жаңбыр) іліп
қойыңыз.
Бұйымды қолдану алдында желдетіңіз.
Бұйымды "I/ON" күйіне ауыстырыңыз.
Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптан босатыңыз.
Иінтіректі тартыңыз да, бұйым қосылады.
Су көпіршіксіз қол бүріккішіне шығарылмағанша
бұйымды жұмыс істетіңіз (макс. 2 минут).
Қол бүріккішінің иінтірегін босатыңыз.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан кейін бұйым
өшіріледі. Жүйедегі жоғары қысым сақталады.
Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
2 минуттан артық құрғақ күйдегі жұмыс жоғары
қысымды сорғыштың зақымдалуына апарып
соғады. Бұйымды 2 минут ішінде қысымсыз
қалпына келтіріңіз, бұйымды өшіріңіз жəне
"Ақаулықтар бойынша анықтама" бөліміндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Жоғары қысыммен қолдану
АБАЙЛАҢЫЗ
Лакталған беттерді тазалау кезінде зақымдарға
жол бермеу үшін ағыннан кемінде 30 см
қашықтықта тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Шина, лак не ағаш сияқты сезімтал беттерді
шашырату құбырымен тазаламаңыз, себебі
170
Қолдану
зақымдалу қаупі бар.
Сурет
Шашырату құбырын қол бүріккішіне енгізіңіз
жəне 90° айналымда бекітіңіз.
Сурет
Жоғары қысымды шлангіні орайтын барабаннан
толығымен босатыңыз. Сонымен қатар
тасымалдау тұтқасын ұстап тұрыңыз.
Нұсқау: Жетекші тұтқа қауіпсіздік күйінде
болғанда, оны алдын ала жоғары көтеріңіз.
Бұйымды "I/ON" күйіне ауыстырыңыз.
Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптан босатыңыз.
Иінтіректі тартыңыз да, бұйым қосылады.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан кейін бұйым
өшіріледі. Жүйедегі жоғары қысым сақталады.
Жуғыш қылшақпен пайдалану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бояуға зақым келтіру қаупі
Жуғыш қылшақты пайдаланған кезде оны кір не
басқа бөлшектерден бос ұстау керек.
Жуғыш қылшақты қол бүріккішіне енгізіңіз жəне
90° айналымда бекітіңіз.
Нұсқау: Қажет болса, жуғыш қылшақтарды да
тазалағыш затпен жұмыс істеу үшін пайдалануға
болады.
Тазалау бұйымдарымен бірге қолдану
Нұсқау: Тазалау бұйымдарын тек орташа
қысыммен араластыруға болады.
ҚАУІП
Тазалау бұйымдар қолдану кезінде тазалау бұйым
шығарушының заттардың қауіпсіздік паспортты,
əсіресе жеке қорғану құралдар туралы
нұсқауларды сақтау қажет.
Тазалағыш зат бойынша нұсқау: Ең көп таралған
KÄRCHER тазалағыш затты бұл бұйым үшін
қолдануға əлдеқашан дайын қақпағы бар Plug 'n'
Clean тазалағыш зат бөтелкесінде сатып алуға
болады. Бұл шамадан тыс толудан не толтырудан
қорғайды.
Сурет
Plug 'n' Clean тазалағыш зат бөтелкесінің
қақпағын алып тастаңыз жəне бөтелкенің тесігін
төмен қаратып тазалағыш затқа арналған
ұяшыққа салыңыз.
Сурет
Тазалағыш зат қоспасының сорғыту мөлшерін
тазалағыш заттың мөлшер реттегішімен
орнатыңыз.
Қысым реттегіші бар шашырату құбырын (Vario
Power) пайдаланыңыз.
Ыдыратушы түтікті «ЖҰМСАҚ» бағытына қарай
тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: Осының нəтижесінде пайдалану
кезінде тазалағыш зат қоспасы су ағынына
қосылады.
Ұсынылған тазалау тəсілі
Тазалау бұйымын құрғақ үстіртке үнемді түрде
шашыратып, сіңу үшін (кептіріп кеткізбей ғана)
біраз қалтыруыңыз лазым.
Ерітілген кірді жоғары қысымды ағынмен шайып
жіберіңіз.
– 7
KK