OBJ_BUCH-1366-006.book Page 100 Thursday, July 7, 2016 11:38 AM
100 | Қaзақша
Адамдар қауіпсіздігі
Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл
бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шар-
шаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь немесе
дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз.
Электр құралды пайдалануда секундтық абайсыздық
қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш
көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе
пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ
сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр
құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда,
оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп
тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе
құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым
оқиғалға алып келуі мүмкін.
Электр құралын қосудан алдын реттейтін
аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз.
Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұ-
рып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз кү-
тпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз.
Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмей-
тін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға
бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз
адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қал-
мауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдал-
1 609 92A 2MG | (7.7.16)
маған болуына, электр құралының зақымдалмаға-
нына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар
құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындай-
тын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралда-
рын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Қылышты аралар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Алмалы-салмалы құралдар жасырылған тоқ
сымына немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін
болған жұмыстарды орындаған кезде құралды
айырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз.
Дайындама астынан ұстамаңыз. Ара полотносына
тию жарақаттану қауіпін тудырады.
Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
Аралауда тіреу тақтасының 2 дайындамаға тіреліп
тұруына көз жеткізіңіз. Ара полотносы ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын
өшіріп, оның толық тоқтағанынан соң ғана ара
полотносын кесіктен шығарыңыз. Сол арқылы кері
соғудан сақтанып, электр құралын қауіпсіз күйге
келтіресіз.
Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносы бұзылуы, сынуы немесе
керу соғу себебін тудыруы мүмкін.
Материалды қатты қысыңыз. Дайындаманы қол
немесе аяқпен тіремеңіз. Істеп тұрған қылышпен
ешқандай зат немесе жерге тимеңіз. Кері соққы
қаупі бар.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз не-
месе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын шақы-
рыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына
алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа
алып келуі мүмкін. Су құбырына тию материалдық зиян
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Bosch Power Tools