2 Дайындық
• Аспапты қолдану барысында əрдайым берік аяқ киім мен ұзын шалбар киіп
жүріңіз. Аспапты жалаң аяқпен немесе ашық сандал киіп қолданбаңыз. Бос
киілетін немесе ұзын баулары бар киім кимеңіз.
• Аспап пайдаланылатын аймақты мұқият тексеріп шығыңыз жəне аспаппен
лақтырылуы мүмкін барлық заттарды алып тастаңыз.
• Пайдалану алдында əрдайым жүздер, жүздер бұрандасы жəне жүздер
жинағы тозбағанына немесе зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Тепе-
теңдікті сақтау үшін тозған немесе зақымдалған компоненттерді жинақ
бойынша алмастырыңыз. Зақымдалған немесе оқылмайтын затбелгілерді
алмастырыңыз.
• Пайдалану алдында қуат сымы мен ұзартқыш сымда зақым не ескіру
белгілерінің бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Егер пайдалану барысында сымға
зақым тиген болса, сымды қуат көзінен дереу ажыратыңыз. ҚУАТ КӨЗІНЕН
АЖЫРАТПАСТАН СЫМҒА ҚОЛ СҰҚПАҢЫЗ. Сымы зақымдалған немесе
тозған құрылғыны пайдаланбаңыз.
3 Пайдалану
• Аспапты тек қана күндізгі жарықта немесе жақсы жасанды жарықта
қолданыңыз.
• Аспапты ылғал шөпте қолданбаңыз.
• Еңісте əрдайым қадамдарыңызға назар аударыңыз.
• Баяу жүріңіз, ешқашан жүгірмеңіз.
• Жоғары жəне төмен емес, еңіс бетіне кесе-көлденеңінен шабыңыз.
• Еңісте бағытты өзгерткен кезде айрықша сақтық танытыңыз.
• Өте шұғыл еңісте шабуға болмайды.
• Аспапты өзіңізге қарай жылжыту немесе тарту кезінде айрықша сақтық
танытыңыз.
• Көгалдан басқа беттерді қиып өткен кезде жəне аспапты пайдаланылатын
аймаққа жəне аймақтан тасымалдау кезінде аспапты еңкейту қажет болса,
жүз(дер)ді тоқтатыңыз.
• Қорғағыштары немесе қалқандары ақаулы немесе сақтандырғыш
құрылғылары, мысалы, қайтарғыштары жəне/немесе шөп жинағышы жоқ
аспапты ешқашан қолданбаңыз.
• Қозғалтқышты нұсқауларға сəйкес жəне аяғыңызды жүз(дер)ден алшақ
ұстап мұқият іске қосыңыз.
205
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN