122 | Қaзақша
Жарық диодтық көрсеткіш 10 қызыл түсте
жыпылықтаса, электр құралы блокталған болып
автоматты өшеді.
– Электр құралын аспаптан тартып алыңыз.
Блокталу жойыллғаннан соң электр құралы реттелген
жүріс санымен жұмысын жалғастырады.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Ұсыныстар
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдарында т.б. ине, бұранда
т.б. сияқты бөгде денелерді алып тастаңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын 2 дайындама сыртына қойып материалды
бір қалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әдісін аяқтағаннн соң электр құралын өшіріңіз.
Ара полотносы тұрып қалса электр құралын бірден
өшіріңіз. Араланған аралықты сайкес аспаппен аз
кеңейтіп электр құралын шығарыңыз.
Қол арасы (E суретін қараңыз)
Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты
жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Қол
арасымен метал заттарын өңдемеңіз!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Электр құралының тірек тақтасының 2 қырын
дайындамаға қойып қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып ара полотносын
ақырын дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы 2 толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Белгілі жұмыстарда ара полотносын 1 180° бұрап (тістері
жоғары) қайта орнатуға болады.
Суытқыш/Майлау заттары
Металды аралау кезінде материал қызуы себебінен аралау
сызығында суытқыш немесе майлау затын жағу керек.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
1 619 P13 424 | (3.6.15)
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Назар аударыңыз! Қызмет көрсету мен тазалау
жұмыстарынан алдын электр құралын өшіріп қосу
бұғаттамасын 6 құлыптаңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Ара полотносы патронын сығымдалған ауамен немесе
жұмсақ қылшақпен тазалаңыз. Ара полотносын электр
құралынан алып қойыңыз. Ара полотносы патронын тиісті
майлау материалдарымен істейтін күйде сақтаңыз.
Электр құралының ластануы ақаулар тудыруы мүмкін. Ол
үшін шаңды материалдарды бас үстінде немесе астында
араламаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС "Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Bosch Power Tools