Жұмысты бастау
1
Зарядтағыш портының тысын ашып, құлақаспапты зарядтағышқа жалғаңыз.
• Зарядтағыш портының тысын тым қатты тартқыламаңыз. Бұл, зарядтағыш
портының тысының бұзылуына алып келуі мүмкін.
• Зарядтағышты дұрыс жалғамау құлаққапты қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
2
Толығымен зарядтағаннан кейін құлақаспапты зарядтағыштан ажыратыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы
керек.
Қалған батарея қуатын тексеру
Қуат түймесін басыңыз. Индикатор шамдары сізге қалған батарея қуаты туралы хабарлайтын
болады.
Түс
Үш рет қызыл түспен
жыпылықтау
Үш рет күлгін түспен
жыпылықтайды
Үш рет көк түспен
жыпылықтау
2
1
Батарея заряды
• 30%-дан аз
• 30–60%
• 60–100%
Қазақ тілі
6
6