5.
Тұтқа
6.
I/0 түймешігі
7.
Электр бауды сақтауға арналған ұяшықты тіреуіш
8.
Электр қоректендіру бауы
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау мате-
риалдары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұй-
ымның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосарал-
дында кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Құралдың тұрқын ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Алмалы-салмалы бөлшектерін жылы сумен
жуып, электр желісіне қосар алдында құралдың барлық элементтерін мұқият кептіріңіз.
Құралды өндіру және сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау кезінде пайда болған шаң
мен мүмкін болатын бөгде заттардан жою үшін өлшемді шәкілдің максималды
белгісіне дейін шәйнекке су құйыңыз, оны кейін қайнатыңыз. Суға лимон қышқылы-
ның 1-2 қасығын суға қосуға болады. Суды төгіп, шәйнек суық сумен шайыңыз.
Қажеттілігіне қарай осы әрекетті қайталаңыз.
II. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
1.
Тұғырлы шәйнекті қатты тегіс құрғақ көлденең бетке орнатыңыз. Орнату ба-
рысында қайнағанда шығатын будың тұсқағаздар, декоративті жабындылар,
электрондық аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температудан зардап
шегуі мүмкін басқа да заттарға тимегенін қадағалаңыз.
2.
Электр сымын қажетті ұзындығы бойынша жазыңыз. Артық бөлігін түпқойма
астындағы қуысқа орналастырыңыз. Қажеттілікке қарай керекті қуаты бар
ұзартқышты қолданыңыз (2,5 кВт кем емес).
3.
Тұғырдан шәйнекті алып тастаңыз. Құралдың тұтқасындағы ашылу батырмасын
басыңыз.
4.
Шәйнекке су құйыңыз. Шәйнектегі судың деңгейі қапталдағы MIN және MAX
белгісінің арасында болуы керек. Егер шәйнекті MAX белгісінен жоғары тол-
тырсаңыз, қайнаған кезде қайнаған су шашырауы мүмкін. Егер су тым аз
болса, аспап алдын ала өшіп қалуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап тек су қайнатуға арналған.
5.
Ол сырт еткенше шәйнектің қақпағын жабыңыз және шәйнекті орнына қойыңыз.
Құрал егер дұрыс орнатылса жұмыс істейтін болады.
6.
Құралды электр желісіне қосыңыз.
7.
I/0 түймешігі төменгі. Ішкі жарығы жағылып, суды қыздыру үдерісі басталады.
8.
Су қайнаған соң көмескі жарығы өшеді. Аспап күту режиміне ауысады.
9.
Суды қыздыру үдерісін тоқтату үшін қосу/өшіру түймешігі көтеріңіз немесе
шайнекті түпқоймадан алып тастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл үлгіде конденсатты түйіспелі топтан бұрудың инно-
вациялық жүйесі пайдаланылады, бұл – оның жұмысының сенімділігі мен төзімділі-
гін арттырады. Осыған байланысты, конденсаттың шөгуі нәтижесінде түпқой-
мада су тамшылары пайда болуы мүмкін.
Қауіпсіздік жүйесі
• Шәйнек су қайнағаннан кейін немесе түпқоймадан алу кезінде автоматты
ажыратылу жүйесімен жабдықталған.
• Шәйнектің ішінде су жоқ кезде немесе жеткіліксіз болған кезде қатты қызып
кетуден автоматты қорғаныс істеп кетеді. Оны суығанша күтіңіз. Одан кейін
құрал жұмысқа дайын болады.
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Тазалар алдында шәйнекті электр желісінен ажыратып, суытыңыз. Шәйнек пен
тұғырды ара-тұра дымқыл жұмсақ матамен тазартып отырыңыз.
Шәйнек, тұғыр, электр бау немесе штепсельді суға батырмаңыз: электр түй-
іспелер суға тимеуі тиіс!
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер абразивті
паста ларды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез келген химиялық
грессивті немесе асқа жанасатын заттармен бірге қолдануға кеңес берілмеген
басқа да заттарды қолдануға болмайды.
Тоттан тазалау
Пайдалану барысында, қолданылатын судың құрамына байланысты аспаптың ішкі
қабырғаларында, қыздыру элементінде қақ тұруы мүмкін. Оларды кетіру үшін ас үй
техникасына арналған тазалау және қақ кетіруге арналған арнайы қырмайтын
заттарды қолданыңыз.
1.
Шәйнекті тазалар алдында оны толық суытыңыз.
2.
Тазалау құралының орамындағы нұсқауларды ұстаныңыз.
3.
Тазалаған соң ерітіндіні төгіп тастап, шәйнекті суық сумен мұқият жуып жіберіңіз.
RK-G151-E
KAZ
125