Samsung Galaxy TabPro Pen Manual De Usuario página 447

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 63
C Pen пайдалану
• C Pen құрылғысы мен қосылған құрылғы арасында кедергілер, соның ішінде адам
денелері, қабырғалар, бұрыштар немесе қоршамдар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалғанған құрылғының Bluetooth антеннасына тимеңіз.
• Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен
бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар
орнатқанда кедергілер орын алуы мүмкін.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген
құрылғылар C Pen құрылғыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін.
• Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың
пираттық көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз
түрде алу).
C Pen пайдалану
Басқа құрылғыға C Pen қосылған кезде сенсорлық әрекеттерді орындау, қосылған құрылғы
экранында жазу немесе қолданбаларды іске қосу сияқты әр түрлі мүмкіндіктер қолжетімді
болады. Сызықтың қалыңдығы, қаламұшты экранға неғұрлым қатты басатыныңызға
байланысты өзгеретін болады.
Егер артық қысым қаламұшына қолданылса немесе қалам қатты бетте пайдаланылса,
қаламұшы зақымдалуы мүмкін.
C Pen құралында қуат қосу/өшіру функциясы жоқ. Егер C Pen шамамен он
минут пайдаланылмаса, ол ұйқы режиміне қтіп, C Pen және мобильді құрылғы
ажыратылады. Құрылғыларды қайта қосу үшін жоғары немесе төмен түймесін
басыңыз.
TabPro Pen Manager қолданбасын орнату
C Pen қосылым күйін және қалған батарея деңгейін тексеру сияқты ыңғайлы мүмкіндіктерді
пайдалану үшін TabPro Pen Manager қолданбасын қосылған Galaxy TabPro S құралына
орнатыңыз.
1
Қосылған Galaxy TabPro S қолданбасында Samsung Update қолданбасын іске қосыңыз.
2
TabPro Pen Manager қолданбасын таңдап, «Орнату» түймесін басыңыз.
All manuals and user guides at all-guides.com
Қазақ тілі
9
9
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ej-pw700

Tabla de contenido