Жұмысты бастау
Батареяны зарядтау
C Pen бірінші рет пайдалану алдында немесе C Pen ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
батареяны зарядтаңыз.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз.
Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе C Pen
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Зарядтағыштар бөлек сатылады.
• Егер батарея заряды толығымен таусылса, зарядтағышты жалғағаннан кейін C Pen
бірден пайдалануға болмайды. C Pen пайдаланудан бұрын таусылған батареяның
бірнеше минут зарядталуына мүмкіндік беріңіз.
• Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану, токтың
ең төмен жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп
соқтыруы мүмкін.
• C Pen құрылғысын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны
толық зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
• Зарядтау уақытында қуат көзі тұрақсыз жұмыс істеген кезде C Pen құрылғысы
жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдайда, зарядтағышты құрылғыдан ажырату керек.
• Зарядтау кезінде, C Pen қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және C Pen's
құрылғысының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер батарея
әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
• C Pen құрылғысы дұрыс зарядталмай жатса, C Pen құрылғысын Samsung сервис
орталығына апарыңыз.
1
Зарядтау портының қақпағын ашып, зарядтағышқа C Pen қаламын жалғаңыз.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау C Pen құрылғысын қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
All manuals and user guides at all-guides.com
Қазақ тілі
5
5