Bosch LR 60 Professional Manual Original página 165

Ocultar thumbs Ver también para LR 60 Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
CenterFind режимінде еңісті есептеу
(D суретін қараңыз)
CenterFind режимінің көмегімен ең көбі 8,5%
шамасындағы жазықтықтың еңісін өлшеуге болады. Ол
үшін ротациялық лазерді штативтегі көлденең күйдегі
еңкейтілген жазықтықтың шетіне орнатыңыз. Ротациялық
лазердің X немесе Y осі өлшенетін еңіспен бір сызықта
туралануы тиіс. Ротациялық лазерді қосып,
нивелирлеңіз.
Лазер қабылдағышын ұстағышпен өлшегіш рейкаға (25)
бекітіңіз. Өлшегіш рейканы өлшеу құралына жақын
(еңкейтілген жазықтықтың бірдей шетіне) орнатыңыз.
Лазер қабылдағышын, ротациялық лазердің сәулесі
ортаңғы ретінде көрсетілетіндей, өлшегіш рейкада
биіктігі бойынша туралаңыз ➊.
Содан кейін өлшегіш рейканы лазер қабылдағышымен
еңкейтілген жазықтықтың басқа шетіне қойыңыз ➋.
Лазер қабылдағышының өлшегіш рейкадағы позициясы
өзгеріссіз қалғанына көз жеткізіңіз.
Еңкейтілген жазықтықта тураланатын ось үшін
CenterFind режимін іске қосыңыз. CenterFind
режимінен шыққаннан кейін, ротациялық лазерде
жазықтықтың еңісі көрсетіледі.
CenterLock режимі (LR 65 G)
CenterLock режимінде ротациялық лазер ротациялық
бастиекті алға-артқа жылжыту арқылы лазер сәулесін
лазер қабылдағышының ортаңғы сызығымен автоматты
түрде туралауға әрекеттенеді. CenterFind режиміне
қарағанда, лазер қабылдағышының позициясы үздіксіз
тексеріледі және ротациялық лазердің еңісі автоматты
түрде өзгертіледі. Ротациялық лазердің дисплейінде еңіс
деректері көрсетілмейді.
Ротациялық лазердің көлденең күйінде де, тік күйінде де
X және Y осьтері бойынша туралауға болады.
CenterLock режимін іске қосу:
Ротациялық лазер мен лазер қабылдағышын, лазер
қабылдағышы ротациялық лазердің X осінің немесе Y
осінің бағытында орналасатындай етіп орнатыңыз. Лазер
қабылдағышын, қажетті ось қабылдау өрісіне (1) тік
бұрышта орналасатындай етіп туралаңыз.
Егер лазер сәулесін екі ось бойынша туралау қажет
болса, ротациялық лазерге қосылған әр лазер
қабылдағышын X және Y осьтерінің бағытында
Bosch Power Tools
орналастырыңыз. Әр лазер қабылдағышы ротациялық
лазердің ±8,5% шамасындағы қайыру диапазонында
орналасуы тиіс.
Ротациялық лазерді ротациялық жұмыс режимінде
қосыңыз.
Лазер қабылдағышының реттеу мәзірінде орталық
функцияны CenterLock (CL) режиміне қою керек.
Ротациялық лазердің екі осі бойынша туралаған кезде,
бұл лазер қабылдағыштарының екеуіне де қолданылады.
CenterLock режимін X осі үшін іске қосу үшін
CenterFind режимінің түймесін (17) ұзақ басыңыз
немесе CenterFind режимінің түймесін (17) X осінің
түймесімен (16) бірге ұзақ басыңыз.
CenterLock режимін Y осі үшін іске қосу үшін CenterFind
режимінің түймесін (17) Y осінің түймесімен (15) бірге
ұзақ басыңыз.
Егер лазер сәулесін екі ось бойынша бір уақытта туралау
қажет болса, CenterLock режимін әр лазер
қабылдағышында бөлек іске қосу қажет болады.
CenterLock режимін іске қосқаннан кейін, ротациялық
лазердегі ротациялық бастиек алға-артқа жылжиды. Іздеу
барысында мәтіндік индикаторда (e) CLX (X осі) немесе
CLY (Y осі) пайда болады.
Егер лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) лазер
қабылдағышының ортаңғы сызығының биіктігінде кірсе,
ортаңғы сызық индикаторы (h), сондай-ақ мәтіндік
индикаторда (e) LOC деген жазба пайда болады.
Ротациялық лазерде тиісті оське арналған басты
экрандағы CenterLock белгі көрсетіледі.
Лазер қабылдағышының немесе ротациялық лазердің
позициясы өзгертілген жағдайда, ротациялық лазердегі
еңіс автоматты түрде реттеледі.
CenterLock режимінде жұмыс істеген кезде
u
ротациялық лазер мен лазер қабылдағышының
кенет жылжып қалмауын мұқият қадағалаңыз.
Позицияны әр өзгерткен сайын еңістің автоматты
түрде реттелуінен өлшеу қателері пайда болуы мүмкін.
CenterLock режимін доғару:
CenterLock режимін доғару немесе аяқтау үшін
CenterFind режимінің түймесін (17) басып тұрыңыз.
Егер осы сәтке дейін лазер сәулесі лазер
қабылдағышының ортаңғы сызығымен сәтті тураланған
болса, ротациялық лазерде реттелген еңіс CenterLock
режимі доғарылған жағдайда да сақталады.
Ақауларды жою:
Егер лазер сәулесі лазер қабылдағышының ортаңғы
сызығын 2 минут ішінде таба алмаса (режимді іске қосқан
кезде немесе позиция өзгерістерінен кейін болғанына
қарамастан), мәтіндік индикаторда (e) ERR пайда болып,
барлық жарық диодты бағыт индикаторлары жанады.
Ақаулар туралы хабарларды жабу үшін ротациялық
лазердегі және лазер қабылдағышындағы кез келген
түймені басыңыз. Ротациялық лазерді және лазер
қабылдағышын, ол ±8,5% шамасындағы қайыру
диапазонында орналасатындай етіп қайта
орналастырыңыз. Лазер сәулесі қабылдау өрісінен (1)
Қазақ | 165
1 609 92A 6AJ | (27.05.2021)
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Lr 65 g professional

Tabla de contenido