Қайта Зарядталатын Батареяларды Алу; Ақаулықтарды Жою - Philips FC8715 Manual Del Usuario

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
Қашықтан басқару құралының батареясын ауыстыру (FC8715,
FC8710, FC8705)
Қашықтан басқару құралы CR2025 тиын пішінді батареясымен жұмыс істейді. Робот қашықтан басқару
құралындағы түймелерді басуға жауап бермесе, батареяны ауыстырыңыз.
1 Қашықтан басқару құралын аударып ұстаңыз. Батарея ұстағышындағы босату түймесін басыңыз
және сол уақытта батарея ұстағышын қашықтан басқару құралынан (сурет 44) сырғытып
шығарыңыз.
2 Таусылған батареяны батарея ұстағышынан алып, батарея ұстағышына жаңа батареяны салыңыз.
Содан кейін батарея ұстағышын қашықтан басқару құралына (сурет 45) сырғытыңыз.
Сақтау
Робот бір айдан аса уақыт пайдаланылмайтын болса, роботтың қайта зарядталатын батареясын
қорғау мақсатында терең ұйқы режиміне өткізу үшін іске қосу/тоқтату түймесін 3 секунд басыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін қондырма станцияны ажыратыңыз.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Абайлаңыз: Құрылғыны тастау кезінде қайта зарядталатын батареяны ғана алып
тастаңыз. Батареяны алып тастау алдында оның толығымен бос екендігін тексеріңіз.
Қайта зарядталатын батареяны шығару үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Сонымен қатар,
қайта зарядталатын батареяны шығару үшін роботты өкілетті Philips қызмет орталығына апарыңыз.
Еліңіздегі жақын қызмет орталығы мекенжайы үшін Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
1 Роботты қондырма станциясынан емес бөлмедегі орыннан іске қосыңыз.
2 Алу және қоқысқа лақтыру алдында зарядының толығымен таусылуы үшін роботты батарея
таусылғанша жұмыс істетіңіз.
3 Батарея бөлімінің бұрандаларын босатып, қақпағын (сурет 46) шешіңіз.
4 Қайта зарядталатын батареяны көтеріп, оны ажыратыңыз (сурет 47).
5 Робот пен қайта зарядталатын батареяны электрлік және электрондық қалдық жинау орнына
апарыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі ақпараттың көмегімен
мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Іске қосу/тоқтату түймесін
басқанда, робот
тазалауды бастамайды.
Ықтимал себеп
Қайта зарядталатын батарея
таусылған.
Шешім
Қайта зарядталатын батареяны
зарядтаңыз («Пайдалануға дайындау»
тарауын қараңыз).
Қазақша
117
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Fc8710Fc8705Fc8700

Tabla de contenido