Тағайындалу Бойынша Қолдану; Бейнеленген Құрамды Бөлшектер - Bosch GST 700 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GST 700 Professional:
Tabla de contenido
OBJ_BUCH-3039-002.book Page 99 Tuesday, May 16, 2017 9:52 AM
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе аккуму-
ляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмей-
тін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға
бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз
адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орын-
дайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құрал-
дарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Электрлі жұқа аралардың қауіпсіздік
нұсқаулары
 Алмалы-салмалы құралдар жасырылған тоқ
сымына немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін
болған жұмыстарды орындаған кезде құралды
айырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
 Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз.
Дайындама астынан ұстамаңыз. Ара полотносына
тию жарақаттану қауіпін тудырады.
 Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
 Тіреу тақтасының 6 аралау кезінде бекем тұруына
көз жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе
керу соғуға алып келуі мүмкін.
 Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын
өшіріп, оның толық тоқтағанынан соң ғана ара
полотносын кесіктен шығарыңыз. Сол арқылы кері
соғудан сақтанып, электр құралын қауіпсіз күйге
келтіресіз.
 Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
Bosch Power Tools
 Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносы бұзылуы, сынуы немесе
керу соғу себебін тудыруы мүмкін.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпе-
лерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға апаруы
мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қатты тірелген күйде ағаш, пластмасса,
метал, күйіктас тақта және резинада кесіктер мен
ойықтарды аралауға арналған. Ол тура және қисық
кесіктерді 45° бұрышта аралауға арналған. Ара полотносы
ұсыныстарына назар аударыңыз.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қосқыш/өшіргіш құлыптау пернесі
2 Қосқыш/өшіргіш
3 Жүріс санын таңдау реттеушісі
4 Алты қырлы дөңгелек кілт
5 Аспирациялық келте құбыр
6 Тіреу тақтасы
7 Реттеу тұтқышы тербелуі
8 SDS-қылышты ара-қысқышы
9 Бағыттаушы дөңгелек
10 Ара полотносы
11 Тию қорғанышы
12 Қаптама
13 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
14 Жарылудан сақтайтын пластина*
15 Бұрандалы шеге
16 Бұрыш шкаласы
Қaзақша | 99
1 609 92A 3BD | (16.5.17)
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido