Bosch Uneo Manual Original página 124

Ocultar thumbs Ver también para Uneo:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
OBJ_BUCH-1695-004.book Page 124 Friday, September 2, 2016 3:45 PM
124 | Қазақша
Балғаларды пайдалану жөніндегі
қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту
қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.
 Электр құралмен бірге жіберілген қосымша
тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
 Жұмыс істеген кезде құралды изоляцияланған
тұтқаларынан ұстаңыз, өйткені кесетін құрал
немесе винт жасырын сымдарға тиіп кетуі мүмкін.
Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ
беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Басқа да қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулықтары
 Тасымалдау мен сақтау бұрау бағытының
ауыстырғышын орта күйге апарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Электр құралды қосудан алдын алмалы-салмалы
аспаптың еркін айлануына көз жеткізіңіз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары
реактивті күш пайда болады.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Ағаш, метал, керамика және пластмассаны қағусыз
бұрғылау үшін сәйкес SDS-Quick алмалы-салмалы
аспабын немесе алты қырлы тұтқасы бар алмалы-
салмалы аспапты пайдаланыңыз.
 SDS-Quick алмалы-салмалы аспабын салу:
Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
 Максималды бұрау моменті тек бұрандалар (1 -
басқыш) жұмыс түрінде жетіледі. Максималды бос
жүру бұрау моменті тек Бұрғылау мен Перфораторлық
бұрғылау жұмыс түрлерінде жетіледі.
 Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырманы тез
арада алмастырыңыз. Шаңнан сақтайтын
бұқтырмамен жұмыс істеу бұрғылау шаңының аспап
патронына кіруіне жол бермейді. Аспапты
пайдаланудан алдын шаңнан сақтайтын бұқтырманың
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
 Қорғасын бояу, ағаш, минерал және металдың
кейбір түрлерінің шаңы денсаулыққа зиян болып,
аллергиялық реакция, тыныс алу жолдары
ауруларына және рак ауруына алып келуі мүмкін.
1 609 92A 351 | (2.9.16)
Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі
мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап қимылдамаса электр
құралды сөндіріңіз. Алмалы-салмалы аспапты
шығарыңыз.
 Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
 Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
 Кездейсоқ қосылуға жол бермеңіз. Аккумуляторды
салудан алдын қосқыш/өшіргіш өшірулі күйде
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты
қосқыш/өшіргішке қойып тасымалдау немесе қосулы
электр құралына аккумулятор салу жазатайым
оғиғаларға алып келуі мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ,
үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және
ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
 аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын
қамтамасыз ету үшін пайдалану алдында
аккумуляторды зарядтау құрылғысында
толығымен зарядтаңыз.
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido