118 | Қазақ
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
u
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
u
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
u
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
u
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
u
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
u
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
u
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
u
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
u
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Тегістегіш үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін
u
пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол
электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
Адамдарға ұшқындардың қауіп тигізбейтіндігіне
u
көз жеткізіңіз. Жанатын материалдарды
1 609 92A 5FZ | (13.01.2020)
алыстатыңыз. Металлды ажарлау арқылы ұшқындар
пайда болады.
Өрт қауібі бар! Ажарланатын материалды немесе
u
ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз.
Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын
тазартыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы,
микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы
(немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі)
металлды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт
тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан
қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы,
ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса
жоғары қауіп тудырады.
Электр құралыңыздың желдеткіш саңылауын
u
жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы
құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып
электр қаупін тудыруы мүмкін.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
u
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
u
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы ағаш, пластмасса, сылағыш және
лакталған беттерді құрғақ тегістеуге арналған.
Электрондық реттегіші бар электр құралдар жылтырату
үшін сай.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Тербелістер санын алдын ала таңдауға арналған
реттегіш дөңгелек
(2) Ажыратқыш
(3) Үрлеп шығару құбыры
(4) Үрлеп шығару келте құбыры
(5) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(6) Қосымша тұтқаға арналған бұранда
(7) Тұтқа (беті оқшауланған)
A)
(8) Ажарлағыш диск
A)
A)
Bosch Power Tools