Қауіпсіздік; Қабырғаға Орнату - Philips Fidelio SkyQuake B8 Manual Del Usuario

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 111
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер
нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе,
кепілдік қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
Қандай да қосылымдарды жасау немесе
өзгерту алдында барлық құрылғылар
розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
Өнімге немесе оның қосалқы
құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі
керек. Өнімнің жанына ваза сияқты
сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз.
Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны
дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді
пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу
үшін тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Өнімді және қосалқы құралдарды оттың
немесе басқа қызу көздерінің жанына,
соның ішінде тікелей күн сәулесіне
қоймаңыз.
Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Батареялар (батарея топтамасы немесе
орнатылған батареялар) күн сәулесі, от
немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу
әсеріне ұшырамауы тиіс.
Найзағайлы бораннан бұрын өнімді
розеткадан ажыратып қойыңыз.
Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан
кабелінен емес, әрдайым ашасынан
тартып суырыңыз.
KK
2
Өнімді тропиктік және/немесе
қоңыржай климатта пайдаланыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
Идентификаторды және жабдық
рейтингтерін өнімнің артындағы немесе
төменгі жағындағы түр тақтасында
көріңіз.
Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр
кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге
сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу
басқа болса, өнімді розеткаға қосушы
болмаңыз.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу
қауіпі бар!
Қабырғаға орнату үшін бұл өнім
қабырғаға орнату нұсқауларына сай
мықтап бекітілуі тиіс. Тек берілген
қабырғаға орнату кронштейнін
пайдаланыңыз (қолжетімді болса).
Қабырғаға дұрыс емес орнату сәтсіз
жағдайға, жарақатқа немесе зақымға
әкелуі мүмкін. Қандай да бір сұрағыңыз
болса, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді немесе басқа заттарды
қуат сымдарының немесе электр
жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
Өнім 5 °C градустан төмен
температурада тасымалданған болса, оны
қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға
жалғамай тұрып, бөлме температурасына
дейін жылынуын күтіңіз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
Бұл өнімді тар жерде орнатуға
болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің
айналасында міндетті түрде кемінде
10 сантиметр орын қалдырыңыз.
Өнімдегі желдеткіш тесіктердің
перделер немесе басқа заттармен
жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Fidelio skyquake b8/12

Tabla de contenido