Қазақша
134
Кіріспе
Құрылғыны қолдану
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome веб-сайтында тіркеңіз. Құрылғыны
пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат
парақшасын және жылдам бастау нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
Келешекте қарау үшін оларды сақтап қойыңыз.
Киімді тегіс жерге жайғаныңызға көз жеткізіңіз. Құралды киімге қатты
жақындатпаңыз. Құралды тігістерде, сыдырмаларда, түймелерде және бос
жіптерде қолданбаңыз.
1 Батарея қақпағын алыңыз және 2 AA сілтілі батареяны оң (+) және теріс (-
) терминалдарына сәйкес салыңыз.
2 Қысқа түкті киімдерге қолданғанда, құрылғының түбіндегі қорғағыш
жабынды алып тастаңыз. Түктері ұзынырақ киімдерге қолданғанда,
құрылғының түбіне қорғағыш жабынды орнатып қойыңыз.
3 Құрылғының бүйіріндегі сырғытпаны жоғары қарай сырғытып,
құрылғыны қосыңыз.
Қазақша