9 Моторды іске қосу және тоқтату
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (6) жетек
арқанының бағыттауышына (7) іліңіз.
► Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін (5)
жіберіңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
8.2
Бас тұтқаны жинау
Бас тұтқаны көгалшапқышты орын үнемдеп
тасымалдау немесе сақтау үшін жинауға
болады.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын жетек
арқанының бағыттауышынан ажыратып,
қозғалтқышқа қарай баяу кері бағыттаңыз.
► Бас тұтқаны (1) ұстап тұрыңыз.
► Иінтіректі (2) төмен басып ұстап тұрыңыз.
► Бас тұтқаны (1) жинаңыз.
► Иінтіректі (2) жіберіңіз.
Бас тұтқа сырт еткен дыбыспен орнына
бекітіледі.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
8.3
Бас тұтқаны реттеу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
0478-111-9861-A
► Бас тұтқаны (1) ұстап тұрыңыз.
► Иінтіректі (2) төмен басып ұстап тұрыңыз.
► Бас тұтқаны (1) қалаған күйге қойыңыз және
интіректің орнына толығымен бекітілгеніне
көз жеткізіңіз.
► Иінтіректі (2) жіберіңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
9
Моторды іске қосу және
тоқтату
9.1
Қозғалтқышты оталдыру
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (1) сол қолыңызбен бас тұтқаға (2)
қарай басыңыз да, сол күйде ұстап
тұрыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (3) оң
қолыңызбен кедергісі сезілгенше баяу
тартып шығарыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (3)
қозғалтқыш іске қосылғанша жылдам
тартып, орнына қолмен ұстап ақырын
жіберіңіз.
► Қозғалтқыш оталмаса: қозғалтқыштың
пайдалану жөніндегі нұсқаулығын қараңыз.
9.2
Қозғалтқышты өшіру
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын жіберіңіз.
Қозғалтқыш сөнеді.
► Пайдаланушы позициясын қалдырыңыз.
қазақ
303