Stihl RM 443.1 Manual De Instrucciones página 297

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 52
14 Сақтау шарттары
► Көгалшапқышты жайылған бас тұтқамен
тасыған жағдайда:
► Көгалшапқышты бір адам екі қолмен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстап тұруы, ал екінші адам екі қолмен
бас тұтқасынан (2) ұстап тұруы қажет.
► Көгалшапқышты екі адам көтеріп
тасымалдауы тиіс.
► Көгалшапқышты жиналған бас тұтқамен
тасыған жағдайда:
► Бас тұтқаны жинаңыз.
► Көгалшапқышты бір адам екі қолымен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстауы, ал екінші адам екі қолымен
тұтқадан (3) ұстауы қажет.
► Көгалшапқышты екі адам көтеріп
тасымалдауы тиіс.
Көгалшапқышты автомобильге салып
тасымалдау
► Көгалшапқышты ол төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп тік күйінде бекітіңіз.
14 Сақтау шарттары
14.1
Көгалшапқышты сақтау
► Қозғалтқышты өшіріңіз және суытыңыз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төмендегі шарттарға
сәйкес сақтаңыз:
– Көгалшапқыш балалардың қолы
жетпейтін жерде тұруы тиіс.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
– Көгалшапқыш аударылып кетпейді.
– Көгалшапқыш домалап кете алмайды.
Көгалшапқыш 3 айдан ұзақ сақталатын
болса:
► Жанармай багы босағанша істетіңіз.
► Жанармай багын STIHL делдалына
тазалауға беріңіз.
► Мотор майын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілгендей
ауыстырыңыз.
► От алдыру білтесін бұрап шығарыңыз.
0478-111-9950-A
Сақтандыру
■ От алдыру білтесі сымының штекері
шығарылған кезде, іске қосу механизмінің
тұтқасы шығарылса, ұшқын сыртқа шығуы
мүмкін. Ұшқыннан жеңіл тұтанғыш немесе
жарылғыш ортада өрт және жарылыс қаупі
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
ажалды жарақат алуы, сондай-ақ мүлікке
залал келтірілуі мүмкін.
► От алдыру білтесі сымының штекерін от
алдыру білтесінің саңылауынан алшақ
ұстаңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын
бірнеше рет шығарып, кері
бағыттаңыз.
► От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
15 Тазарту
15.1
Көгалшапқышты тігінен қою
► Жанармай багы босағанша істетіңіз.
Қозғалтқыш сөнеді.
► Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Кесік биіктігін 1-позицияға қойыңыз,
► Оталдыру білтесі сымының штекерін (1)
шығарыңыз.
► Бас тұтқаны (2) ұстап тұрып, тез әрекетті
бекіту тетіктерін (3) қайырып ашыңыз.
► Бас тұтқаны (2) артқа қарай түсіріңіз.
► Лақтырманың қақпағын (4) ашып, ұстап
тұрыңыз.
► Көгалшапқышты тасымалдауға арналған
тұтқасынан (5) ұстап тұрып, артқа
шалқайтып тігінен қойыңыз.
15.2
Көгалшапқышты тазалау
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты суытыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
қазақ
11.2.
297
loading