6 Көгалшапқышты құрастыру
► Айналмалы тұтқаларды (9)
бұрандаларға (1 және 7) енгізіңіз де, бұрап
кіргізіңіз және мықтап тартыңыз.
► Кабель қысқышын (10), төмендегі шарт
орындалатындай, бас тұтқаның жоғарғы
бөлігіне (3) орнатыңыз:
– Қашықтық (a) 25 см мен 27 см аралығында.
► Кабельді (5) кабель қысқышына (10)
салыңыз.
► Қапсырманы (11) жинап, бекітіңіз.
Бас тұтқаны қайтадан бөлшектеу қажет емес.
6.2
Бас тұтқаны жаю және жинау
6.2.1
Бас тұтқаны ашу
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
0478-121-9825-A
► Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (1) ашып, бір
қолмен ұстап тұрыңыз. Бұл ретте
кабельдің (2) зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
► Айналмалы тұтқаларды (3) бұрап бекітіңіз.
Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі (1) бас тұтқаның
төменгі бөлігіне (4) берік жалғанады.
6.2.2
Бас тұтқаны жинау
Бас тұтқаны көгалшапқышты тасымалдау
немесе сақтау кезінде орын үнемдеу үшін
жинауға болады.
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
қазақ
289