TZS First AUSTRIA FA-5043-1 Manual De Instrucciones página 25

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 15
ЭЛЕКТР ПЕШІ
Құрылғыны қоспас бұрын, деректер
тақтасындағы техникалық сипаттамалар
электрмен жабдықтау желісінің шарттарына
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Бұл құрылғының электр қауіпсіздігіне ол жерге
дұрыс тұйықталған жағдайда ғана кепілдік
беріледі.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
1600 Вт • 220-240 В • 50/60 Гц
БӨЛІКТЕРДІҢ АТАУЛАРЫ:
(А сур.)
1. 1-інші функция ауыстырғыш
2. Температураны басқару тетігі
3. 2-інші функция ауыстырғыш
4. Таймер
5. Пісірмеге арналған табақ
6. Үгінділерге арналған табақ
Ескерту: Пеш жарығы таймермен қосылады.
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ:
Электрлік құрылғыларды қолданғанда негізгі
сақтық шараларын әрдайым сақтау қажет,
соның ішінде:
1. Барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.
2. Ыстық беттерге тимеңіз, тұтқалар мен
тетіктерден ұстаңыз. Тост жасауға арналған
пешті әрдайым қызудан қорғалған бетке
орналастырыңыз.
3. Кез келген құрылғыны балалар қолданғанда
немесе олардың жанында пайдаланғанда
аса мұқият қадағалау қажет.
4. Электр тогының соғуынан сақтану үшін
сымды, штепсельді немесе пештің қандай
да бір бөлігін суға не басқа сұйықтыққа
малмаңыз.
5. Қуат сымы үстел немесе тақтай шетінен
салбырап тұрмасын және де ыстық беттерге
мүлде тимесін.
6. Сымы немесе штепселі зақымдалған
болса немесе құрылғылар жұмысында
ақау пайда болса не қандай да бір жолмен
зақымдалған болса, құрылғыны іске
қоспаңыз. Тексеру, жөндеу немесе реттеу
жұмыстарын жүргізу үшін, құрылғыларды
ең жақын орналасқан авторизацияланған
қызмет көрсету орталығына жеткізіңіз.
7. Құрылғыны жылжытпас бұрын штепсельді
розеткадан суырыңыз. Құрылғыны екі
қолмен ұстап қозғау керек.
8. Осы бұйыммен бірге берілген
аксессуарлардан басқасын пайдаланбаңыз.
Қолдануға ұсынылмаған қосымшалар қауіпті
болуы немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
9. Құрылғыны ыстық газ не электрлік оттыққа
немесе олардың жанына қоймаңыз және де
қызған тұмшапеш не қысқа толқынды пеш
ішіне салмаңыз.
10. Пешпен жұмыс жасағанда жеткілікті
ауа айналымын қамтамасыз ету үшін,
пештің жан-жағынан кемінде 10 см орын
қалдырыңыз. Құрылғыны құрғақ, көлденең
бетке орналастырыңыз.
11. Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қолжетімді
беттердің температурасы жоғары болуы
мүмкін.
Қуат сымы зақымдалған болса, қандай да
бір қауіпті жағдай орын алмас үшін оны
өндіруші, оның авторизацияланған қызмет
көрсету агенті немесе сол дәрежедегі білікті
маман ауыстыруы тиіс.
12. Құрылғы пайдаланылмай тұрса немесе
оны тазалайтын болсаңыз, розеткадан
ажыратыңыз. Бөліктерін алып-салмас бұрын
және тазалау алдында құрылғыны әбден
суытып алыңыз.
13. Штепсельді әрдайым электр розеткасынан
суырып ажыратыңыз, ешбір жағдайда
сымынан тартпаңыз.
14. Ішінде ыстық май немесе басқа да ыстық
сұйықтық бар құрылғыны жылжытқанда аса
абай болу қажет.
15. Табақты немесе пештің қандай да бір
бөлігін металл фольгамен жаппаңыз. Бұл
пештің қызып кетуіне әкеледі.
16. Бұл құрылғыны үнемі тазалап жүріңіз,
әйтпесе жиналған майдан өрт шығуы
мүмкін. Бұл құрылғының пердеге, қандай
да бір матаға немесе басқа да тез тұтанғыш
материалға жақын орналаспағанына көз
жеткізіңіз.
17. Тазалағыш металл ысқыштармен
тазаламаңыз, себебі олар сынып, электр
бөліктеріне тиюі мүмкін, бұл — электр
тогының соғу қаупін туғызады.
18. Пеш есігінің әйнегін тазарту үшін тек
дымқыл сабынды шүберек қолданыңыз –
өткір құралдарды мүлде ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ,
әйтпесе әйнек зақымдалып, нәтижесінде
сынып қалуы мүмкін. БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ
ТАЗАЛАУ АЛДЫНДА ӘРДАЙЫМ ӘБДЕН
СУЫТЫП АЛЫҢЫЗ.
19. Абайсызда күйіп қалмас үшін, осы
құрылғымен жұмыс істегенде әрдайым тұтқа
мен тетіктерді қолданыңыз.
20. Пеш есігінің жоғарғы жағы және басқа
бүйірлері сияқты ЫСТЫҚ БЕТТЕРГЕ МҮЛДЕ
ТИМЕҢІЗ.
48
21. Қуырып немесе қарып жатқанда
құрылғыларды ешқашан қараусыз
қалдырмаңыз.
22. Көлемді тағамдар мен металл ыдыстарды
тостерге салуға болмайды, өйткені бұл –
өрт шығуына немесе электр тогының соғу
қаупіне әкелуі мүмкін.
23. Пешке салынған ешбір контейнер
герметикалық болмауы тиіс. Бұған қоса,
сұйықтық көлемінің көбеюіне қажетті орын
жеткілікті болуы керек.
24. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда оны тез
тұтанғыш материалдар, соның ішінде
перде, мата, қабырға және т.б. жауып қалса
немесе оған тиіп тұрса, өрт шығуы мүмкін.
Пеш жұмыс істеп тұрғанда оған ештеңе
қоймаңыз.
25. Металл немесе әйнектен басқа
материалдан жасалған контейнерлерді
пайдаланғанда өте сақ болу керек.
26. Пешке келесі материалдардың ешқайсысын
салмаңыз: картон, пластик, қағаз немесе
осыларға ұқсас заттар.
27. Бұл пешке ыстық пеште қолдануға болатын
аксессуарлардан басқа ешбір материал
салмаңыз.
28. Ыстық пештен заттарды алып-салғанда
пешке арналған оқшауланған қорғаныш
қолғапты әрқашан киіп жүріңіз.
29. Оны сыртта пайдаланбаңыз.
30. Егер электр тізбегі басқа құрылғылармен
шамадан тыс жүктелсе, бұл құрылғы дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Тостер пешін басқа
құрылғылардан бөлек электр тізбегіне қосу
керек.
31. Құрылғыны өз мақсатынан басқа ешбір
мақсатқа қолданбаңыз.
32. Бұл құрылғыны дене, сезу немесе ақыл-ой
мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі
мен білімі аз адамдар (соның ішінде
балалар) олардың қауіпсіздігіне жауапты
адам құрылғы қолданысын қадағалап
немесе нұсқау беріп тұрмаса пайдалана
алмайды.
33. Балалардың құралмен ойнамайтындығын
тексеріп отыру үшін оларды бақылау
қажетappliance.
ЖҰМЫСҚА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛАР
1. Пешті алғаш рет қолданар алдында:
2. Пештің желіден ажыратылғанына және
уақыт басқару элементі «ӨШІРУЛІ» күйінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Пешті қайта жинаған соң шамамен 15 минут
бойы МАКСИМАЛДЫ температурада жұмыс
істетуді ұсынамыз, бұл – тасымалдаудан
кейін қалып қоюы мүмкін майдың барлығын
кетіру үшін қажет.
4. Қуат сымын тарқатыңыз.
5. Тор мен табақтың орындарында екеніне көз
жеткізіңіз.
6. Қуат сымын ыңғайлы розеткаға қосыңыз.
Ескертпе: Алғашқы қолдану барысында аздаған
иіс пен түтін шығуы мүмкін. Бұл – қалыпты
әрі зиянсыз болып табылады; ол қыздыру
элементтеріндегі қорғаныш материалдың
жануына байланысты орын алады.
ЭЛЕКТР ПЕШІН ПАЙДАЛАНУ
1. Функцияларын басқару: Пеш 6 позициялы
функция ауыстырғышпен жабдықталған:
Жоғарғы қыздыру элементі қосулы.
Төменгі қыздыру элементі қосулы.
Жоғарғы және төменгі қыздыру
элементтері бірге жұмыс істейді.
Жоғарғы қыздыру элементі конвекция
функциясымен бірге жұмыс істейді,
ол қуырылған балық, стейк, құс еті,
жанышталған шошқа еті үшін жарамды.
Төменгі қыздыру элементі конвекция
функциясымен бірге жұмыс істейді, ол
торт, пирог, печенье, құс, сиыр, шошқа
етін және т.б. пісіруге келеді.
Жоғарғы және төменгі қыздыру
элементтері конвекция функциясымен
бірге жұмыс істейді, ол тост жасауға
арналған нан, кекстер, мұздатылған вафли
және т.б. үшін жарамды.
2. Температураны басқару: 100-230°C
аралығындағы пісіруге қажетті температураны
таңдаңыз.
3. Таймер: басқару элементтерінің таймер
сегментін белсендіргенде таймерді қосу үшін
сағат тілімен бұраңыз.
Бағдарламаланған уақыт аяқталғанда қоңырау
соғады.
49
loading

Este manual también es adecuado para:

Fa-5044-1