kk
ҚАЗАҚША
Аккумуляторларды өртке тастамаңыз!
Аккумуляторларды ашпаңыз!
Аккумуляторлардың контактілеріне қол
тигізбеңіз немесе оларды қысқа тұйықтамаңыз!
Аспап ақаулы болған жағдайда аккумуляторды
аспаптан шығарыңыз.
Қандай да бір реттеу немесе техникалық қызмет
көрсету әрекетін орындамас бұрын
аккумуляторды аспаптан шығарып алыңыз.
Аккумуляторды салған кезде аспаптың өшірулі
екеніне көз жеткізіңіз.
Айналып тұрған жұмыс құралын ұстамаңыз!
Жоңқа мен баламалы материалдарды
құрылғының өшірулі күйінде ғана кетіріңіз.
Дайындаманы жылжып кетуден немесе
өздігінен айналудан бекітіңіз (мысалы,
бұрандама қысқышпен бекіту арқылы).
Жарық диодты шамдар (2): жарық диодты
сәулені оптикалық құралдарға бағыттамаңыз.
Шаң жүктемесін азайту:
Осы аспаппен жұмыс істеу барысында
пайда болатын бөліктер обыр,
аллергиялық реакциялар, тыныс жолдарының
сырқаттануын, туа біткен ауру немесе басқа да
жыныстық мүшелердің зақымдарын тудыра
алатын материалдарды қамтуы мүмкін. Мұндай
материалдардың мысалдары: қорғасын
(қорғасын қамтитын бояуларда), минералды
шаң (құрылыстық тастан, бетоннан және т.с.с.),
ағашты өңдеуге арналған қоспалар (хромат,
сүректі қорғайтын құралдар), белгілі бір ағаш
түрлері (мысалы, емен немесе шамшат шаңы),
металдар, асбест.
Тәуекел пайдаланушыға немесе айналадағы
тұлғаларға тиетін жүктеме әсерінің ұзақтығына
тәуелді болып келеді.
Бөліктердің денеге енуін болдырмаңыз.
Мұндай материалдардың жүктемесін азайту
үшін: жұмыс орнында жеткілікті желдетуді
қамтамасыз етіңіз және өте ұсақ бөліктерді
сүзуге қабілетті респираторлар сияқты арнайы
қорғаныс жабдығын тағыңыз.
Материалыңыз, жеке басыңыз, жұмыс жағдайы
мен жұмыс орны үшін жарамды
директиваларды сақтаңыз (мысалы, еңбекті
қорғау ережелері, кәдеге жарату).
Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде
жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
бермеңіз.
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек-
жарақтарды пайдаланыңыз. Осылайша
қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін
бөліктердің мөлшері азайтылады.
Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң жүктемесін азайту үшін:
- пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа
ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға
немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз,
- сорғыш қондырғыны және/немесе ауа
тазалағышты қолданыңыз,
72
- жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе
сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап
жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
шығарыңыз.
- Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын
сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен
тазалауға болмайды.
Литий-иондық аккумуляторларды
тасымалдау:
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау
қауіпті заттар заңдарына (UN 3480 және UN
3481) бағынады. Литий-иондық
аккумуляторларды тасымалдау кезінде
қолданыстағы ережелерді біліп алыңыз. Қажет
болса, тасымал компаниясынан мәлімет
алыңыз. Сертификатталған орауышты Metabo
компаниясынан алуға болады.
Аккумуляторларды корпус зақымдалмаған және
сұйықтық ақпаған жағдайда ғана жіберіңіз.
Аккумуляторды жіберу үшін аспаптан шығарып
алыңыз. Контактілерді қысқа тұйықталудан
қорғаңыз (мысалы, жабысқақ таспамен
оқшаулаңыз).
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
1 Бұрғылау патроны *
2 Жарық диодты шам
3 Реттегіш патрон (айналу моментінің
шектегіші, максималды айналу моменті)
4 Реттегіш патрон
(айналу моментінің шектегіші) *
5 Реттегіш патрон
(бұрандалар, бұрғылау, соққымен бұрғылау)
*
6 Жылжымалы ауыстырып-қосқыш (1/2
сатылы)
7 Аккумулятордың зарядтау деңгейін
бақылауға арналған қуаттылық индикаторы
8 Белдік ілмектері
9 Айналу моментін ауыстырып-қосқыш
(айналу моментін реттеу, тасымалдау
қорғанысы)
10 Шүріппелі ауыстырып-қосқыш
11 Тұтқыш
12 Аккумуляторды құлыптан босату тетігі
13 Аккумулятор
14 Қорғаныш қап *
* жабдықталуына байланысты
6. Пайдалану
6.1
Аспаптың көп функциялы бақылау
жүйесі
Егер аспап өздігінен өшіп қалса, бұл
автоматты қорғаныс режимінің
электроникасы іске қосылғанын білдіреді.
Ескерту сигналы беріледі (ұзақ шырылдайды).
Сигнал ең көбі 30 секундтан кейін немесе