Metabo PowerMaxx BS Manual Original página 71

Ocultar thumbs Ver también para PowerMaxx BS:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
Түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулық
1. Сәйкестік бойынша
мәлімдеме
Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі
мен сериялық нөмірі бойынша
сәйкестендірілетін осы аккумуляторлық
бұрауыш дрель және соқпа дрельдер *1)
директивалардың *2) және стандарттардың
барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық
құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 3-бетті
қараңыз.
2. Мақсатына сай пайдалану
Бұрауыш пен соқпа дрельдер металл, ағаш,
пластик және ұқсас материалдар бойынша
соққысыз бұрғылауға, сондай-ақ бұрап бекітуге
және ішкі бұранда оюға арналған.
Сонымен қатар, соқпа дрельдер бетон, кірпіш
және тас бойынша соққымен бұрғылауға
арналған.
Мақсатынан тыс пайдаланудан болған
зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
болады.
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының
ережелерін және белгіленген қауіпсіздік
нұсқауларын орындау керек.
3. Қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
Жеке басыңызды және электрлік
құралыңызды қорғау үшін осы белгі
қойылған мәтіндік үзінділерді
ұстаныңыз!
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту
үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
ЕСКЕРТУ – Аталмыш электрлік
құралмен бірге берілген барлық
қауіпсіздік бойынша нұсқаулар, жалпы
нұсқаулар, суреттер мен техникалық
деректерді оқып шығыңыз. Төмендегі
нұсқауларды орындамау ток соғу, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық
нұсқауларды және жалпы нұсқауларды
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Электрлік құралыңызды тек қана осы
құжаттармен бірге табыстаңыз.
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
4.1
Барлық жұмыстарға арналған
қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
а) Құлақ қорғанысын тағып жүріңіз. Шуыл
әсері есту қабілетінен айырылуға апарып соғуы
мүмкін.
ә) Электрлік құралмен бірге жеткізілген
қосымша тұтқышты пайдаланыңыз. Бақылау
мүмкіндігінен айырылсаңыз, жарақат алуыңыз
мүмкін.
б) Бұрғылау құралының немесе
бұрандалардың жасырын қуат сымдарымен
жанасу мүмкіндігі бар жұмыстарды өткізген
кезде электрлік құралды оқшауланған тұтқа
беттерінен ұстаңыз. Кернеу астындағы
сыммен жанасу құрылғының металл
бөліктерінде кернеудің түзілуіне және электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Өңделетін жерде қуат, су немесе газ желілері
жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (мысалы, металл
іздегіштің көмегімен).
4.2
Ұзын бұрғыны пайдаланған
жағдайдағы қауіпсіздік техникасының
нұсқаулары:
a) Еш жағдайда бұрғы үшін рұқсат етілген
максималды айналу жиілігінен асатын
айналу жиілігімен жұмыс істемеңіз. Айналу
жиіліктері жоғары болған жағдайда, бұрғы
дайындамамен жанаспай еркін айнала отырып,
сәл деформациялануы және жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
b) Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу
жиілігімен және бұрғы дайындамамен
жанасып тұрғанда бастаңыз. Айналу
жиіліктері жоғары болған жағдайда, бұрғы
дайындамамен жанаспай еркін айнала отырып,
сәл деформациялануы және жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
c) Шамадан артық қысым түсірмеңіз және
бұрғыға бойлық бағытпен ғана қысым
түсіріңіз. Бұрғы деформациялануы және сынуы
немесе бақылау мүмкіндігінен айырылуға және
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
4.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: қосылған шамға
қарамаңыз.
Ақаулы литий-иондық
аккумуляторлардан сәл қышқылды,
жанғыш сұйықтық шығуы мүмкін!
Аккумулятор сұйықтығы шығып, теріге
тиген жағдайда, оны дереу судың
жеткілікті мөлшерімен шайып шығыңыз.
Аккумулятор сұйықтығы көзге тиген жағдайда,
оны таза сумен жуып шығыңыз да, дереу
медициналық жәрдемге жүгініңіз!
Аккумуляторларды ылғалдан қорғаңыз!
Ақаулы немесе деформацияланған
аккумуляторларды пайдаланбаңыз!
ҚАЗАҚША kk
71
loading