Bosch UniversalFan 18V-1000 Manual Original página 88

Tabla de contenido
88 | Қазақ
Пайдалану
Желдеткіште кез келген жұмыстар өткізбес бұрын
u
(мысалы, монтаждау, тазалау және т.б.) және оны
тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды
желдеткіштен шығарыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Қосу/өшіру (A суретін қараңыз)
Желдеткішті қосу үшін басқару түймесін (2) сағат тілінің
бағытымен (➊ айналу бағытымен) бұраңыз.
Желдеткішті өшіру үшін басқару түймесін (2), шерту
дыбысы естілгенше, сағат тілінің бағытына қарсы
(➋ айналу бағытымен) бұраңыз.
Желдеткіш жылдамдығын өзгерту (A суретін
қараңыз)
Желдеткіштің айналу жиілігін көтеру үшін басқару
түймесін сағат тілінің бағытымен (➊ айналу бағытымен)
бұраңыз.
Желдеткіштің айналу жиілігін төмендету үшін басқару
түймесін сағат тілінің бағытына қарсы (➋ айналу
бағытымен) бұраңыз.
Желдеткіш бастиегін туралау (B суретін
қараңыз)
Желдеткішті туралау үшін желдеткішті тасымалдау
тұтқасынан (3) ұстап алыңыз да, желдеткіш бастиегін (4)
алға немесе артқа қарай аударыңыз.
Желдеткіш бастиегін 30° шамасына дейін алға қарай және
150° шамасына дейін артқа қарай еңкейтуге болады.
Температураға тәуелді артық жүктемеден
қорғаныс
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, желдеткішке артық
жүктеме түспейді. Асқын жүктелгенде немесе
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника желдеткішті тиісті температура
диапазонына қайтару үшін автоматты түрде өшіреді.
Бекіту мүмкіндіктері
Желдеткішті ұстап тұру немесе орналастыру үшін
тасымалдау тұтқасын (3) пайдаланыңыз.
Желдеткішіңіз бірнеше ілу және монтаждау мүмкіндігін
ұсынады. Орналасқан жеріңізге ең жарамды опцияны
таңдаңыз.
Желдеткішті ілу
Нұсқау: желдеткіш тік немесе көлденең күйде ілінуі
мүмкін. Желдеткішті міндетті түрде оның жұмысына
кедергі келтірмейтіндей іліңіз.
Кілт саңылауына ілу (C суретін қараңыз)
Кілт саңылауының (8) кең бөлігін бұрандалы бастиектің
(Ø 4 – 6 мм) үстінен орналастырыңыз.
1 609 92A 87R | (16.08.2022)
Желдеткішті, бұранда кілт саңылауының тар бөлігінде
орналасқанша және желдеткіш бекітілгенше, төмен қарай
жылжытыңыз.
Ілгектерге ілу (D суретін қараңыз)
Ілгектерді (5) ойықтарынан толықтай тартып шығарыңыз.
Қажет болса, ілгектерді бұраңыз.
Нұсқау: ілгектерді, олар толықтай шығарылғанда ғана
бұрауға болады.
Желдеткішті тұрақты жерге (макс. қалыңдығы  36 мм)
іліңіз.
Желдеткішті монтаждау
Қарнақ бекіткіштерінің көмегімен қарнақтарға
монтаждау (F суретін қараңыз)
Желдеткішті екі қарнақ бекіткішінің (10) көмегімен
қарнақтарға (макс. Ø 22 мм) бекітуге болады.
Қарнақ бекіткіштерін (10) қарнақ үстінен орналастырып,
желдеткішті қарнақтарға жылжытыңыз.
Штатив ирек оймасының көмегімен штативке
монтаждау (G суретін қараңыз)
Штативті пайдалану бойынша нұсқаулар
Монтаждалған желдеткішті штативте тік күйде ғана
пайдаланыңыз.
Штатив аяқтарын, штатив тұрақты болатындай және
ортаңғы бағана тік тұратындай орнатыңыз.
3 кг шамасынан асатын жүккөтергіштікке ие штативті
пайдаланыңыз.
Желдеткішті штативке монтаждау
Желдеткіштің штатив бекіткішін (9) штативтің бекіткіш
бұрандаларының (1/4") үстінен орналастырып,
желдеткішті бекіткіш бұрандаға қойыңыз.
Нұсқау: желдеткіштің штатив бекіткіші (9) бекіткіш
бұрандаға толықтай орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Желдеткішті штативке бекіту үшін желдеткішті сағат
тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Бұрандалы қысқыштардың көмегімен монтаждау (H
суретін қараңыз)
Бұрандалы қысқыштарды қысқыш беттерге (11) бекіту
арқылы желдеткішті бұрандалы қысқыштармен бірге
монтаждаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Желдеткіште кез келген жұмыстар өткізбес бұрын
u
(мысалы, монтаждау, тазалау және т.б.) және оны
тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды
желдеткіштен шығарыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін желдеткішті таза
ұстаңыз.
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido