2.2 Кептіру
• Қайықтың ішін және сыртын губкамен немесе сүлгімен сүртіңіз.(D3)
2.3 Жинау
• Жинауға арналған беттің таза болуына көз жеткізіңіз
• Орындықтарын шешіп алыңыз (E1)
• Басқыштарды шешіп алыңыз (E2)
• Қақпақты шешіп алып, клапанды басып, қайықтың ішіндегі ауаны шығарыңыз – бүктеген кезде ауаны шығару үшін, клапанды ашық күйінде қалдырыңыз
(E3).
• Люкті (Е4) алып тастаңыз және бойлық осьтің бойымен бүктеуді бастаңыз.
• Палубаның матасын бүкпенің ішіне қарай орналастырғаныңыз жөн (E5)
• Кильді бүкіл ұзындығы бойынша бүктеңіз (E6) – осы бүгілген жер қайықтың енін сөмкенің еніне сәйкес келтіреді.
• Қайықты бүктеп жинау үшін алдыңғы ұштықтан бастап, содан кейін бірінші пунктир сызығына дейін бүктеңіз. Осы операцияны 4 рет қайталап, қайықты
дөңгелетіп ораңыз (E7).
• Қайықты баулармен қатты байлап қойыңыз (E8) – жақсы бекіткіш сөмкеде сақтау қолайлылығына кепілдік береді.
• Қайықты сөмкенің ішіне орналастырыңыз.
• Орындықтар мен басқыштарды сөмкеге салыңыз. (E9)
• Сөмке сорғы мен ескектерді (10) тасымалдауға арналған ойықтармен жабдықталған.
2.4 Сақтау
• Кептірілген және тазаланған қайық температураның айтарлықтай өзгеруіне ұшырамаған құрғақ және көлеңкелі жерде сақталуы керек.
• Қайықты бүктелген түрде сақтауға болады, бірақ жеткілікті орныңыз болса, сіз оны тегіс бетте, сәл үрленген күйінде сақтап, қолданыс мерзімін ұзарта
аласыз.
3.1 Қысымның жоғалуы
Егер сіздің қайығыңыз жұмсақ болып көрінсе, бұл тек қана ауаның ағып кетуі салдарынан болмауы мүмкін. Егер сіз қайықты күндіз қоршаған орта
температурасы 32°C болған кезде үрлесеңіз, температура кешке жақын 25°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Содан кейін суық ауа қайыққа аз қысым көрсетіп,
келесі күні таңертең ол жұмсақ болып көрінуі мүмкін.
Егер температураның өзгерістері қысымның жоғалуына себеп болмаса, ауаның ағып кету орнын анықтау үшін қайығыңызға сабынды суды қолданыңыз.
A-
1-жағдай: клапанның айналасында ағып кету (*17)
1-Қайықтың ішінен ауаны толығымен шығарыңыз.
2- Клапанның ішкі бөлігін аралық қабаттың төменгі жағынан мықтылап іліп алыңыз.
3- Кілтті клапанның сыртқы жағына орнатыңыз.
4- Кілтті сағат жүрісі бойынша толық тірелгенше бұраңыз.
B-
2-жағдай: ауа клапанның ортасынан ағып кетедіe
1- Қайықтың ішінен ауаны толығымен шығарыңыз.
2- Клапанның корпусы сынып қалған болуы мүмкін, бұл жағдайда оны жөндеу үшін DECATHLON дүкеніне хабарласыңыз.
C-
3-жағдай: қайық бетінің тесілуі (*18))
1- Ауаның ағып кететін жерін анықтаңыз.
2- Қайықтың ішінен ауаны толығымен шығарыңыз
3- Жөндеуге жататын аймақты тазалап, шүберекпен құрғатыңыз.
4- Қайықпен бірге жеткізілетін жөндеу жиынтығынан ламинатталған кенептің бір бөлігін таңдаңыз.
- Матаны бұрыштарын дөңгелетіп, жөндеуге тиісті аймаққа сәйкес келтіріп, кесіңіз
3. ЖӨНДЕУ (F)
p.63