120 | Қазақ
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан
u
бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза
ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда,
u
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық
көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі
мүмкін.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы
u
аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін
u
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және
басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы
қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
u
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол
u
арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн
жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау
u
құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар
түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт
қаупін тудырады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Аккумуляторлық шам құрғақ үй-жайлар мен сыртқы орталарда тасымалды, кеңістік
және уақыт бойынша шектеулі жарықтандыруға арналған.
1 609 92A 8AN | (18.08.2022)
Bosch Power Tools