2. Қ
• Көгалшапқышты шаршаңқы, ауырған немесе ішімдік / басқа дәрі-дәрмек әсер еткен күйде
қолданбаңыз.
• Көгалшапқышты жүйелі түрде тексеріп тұру кезінде барлық іске қосу құлыптары және оператордың
бар-жоғын бақылау құралдары дұмыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Көгалшапқышты нашар ауа райында, әсіресе қатты жаңбыр жауған күйде пайдаланбаңыз.
• Құралды сыртта ғана пайдалануға болады, ғимарат ішінде пайдалануға қатал тыйым салынады.
• Қозғалтқышты қауіпті тұншықтырғыш газ буы жиналуы мүмкін жабдық жерде қолданбаңыз.
• Ескерту! Көгалшапқышты найзағай қаупі бар жерде пайдаланбаңыз.
• Шуыл мен дірілден туындайтын тәуекелдер санын азайту үшін жұмыс ұзақтығын азайтқан жөн.
• Көгалшапқышты еңісте және ағызу ұңғымалары, арықтар немесе үйінділер жанында пайдалану
кезінде сақ болыңыз.
• Тек қана күндізгі жарықта немесе жақсы жасанды жарықта шабыңыз.
• Мүмкін болса, аспапты сулы көгалда қолданбаңыз.
• Еңісте әрдайым қадамдарыңызға назар аударыңыз.
• Баяу жүріңіз, ешқашан жүгірмеңіз.
• Дөңгелекті айналмалы аспаптарда еңістің бетіне кесе-көлденеңінен шабыңыз, ешқашан жоғары және
төмен қозғалмаңыз.
• Еңісте бағытты өзгерткен кезде айрықша сақтық танытыңыз.
• Өте шұғыл еңісте шабуға болмайды.
• 15° шамасынан артық көлбеу жерде жұмыс істемеңіз.
• Көгалшапқышты өзіңізге қарай жылжыту немесе тарту кезінде айрықша сақтық танытыңыз.
• Көгалдан басқа беттерді қиып өткен кезде және көгалшапқышты шабылатын аймаққа және аймақтан
тасымалдау кезінде көгалшапқышты еңкейту қажет болса, жүз(дер)ді тоқтатыңыз.
• Қорғағыштары ақаулы немесе сақтандырғыш құрылғылары, мысалы, қайтарғыштары және/немесе
шөп жинағышы жоқ көгалшапқышты ешқашан қолданбаңыз.
• Абайлаңыз: Бүтін шөп жинағышы немесе өздігінен жабылатын шығару саңылауы жоқ
KZ
көгалшапқышты пайдалануға болмайды.
• Қозғалтқыш жүрісін реттегіштің реттеулерін өзгертпеңіз немесе қозғалтқышты шамадан артық
жылдамдатпаңыз.
• Қозғалтқыш жылдамдығын бақылау үшін оқшауланған реттеуді өзгертпеңіз немесе
модификацияламаңыз.
• Көгалшапқыш жүйелерін немесе сипаттарын модификациялауға немесе өшіруге болмайды.
• Қозғалтқышты іске қосу алдында барлық жүздерді және жетекші муфталарды ажыратыңыз.
• Қозғалтқышты нұсқауларға сәйкес және аяғыңызды жүз(дер)ден алшақ ұстап мұқият іске қосыңыз.
• Қозғалтқышты іске қосу кезінде көгалшапқышты еңкейтпеңіз.
• Қозғалтқышты шығару науасының алдында тұрып іске қоспаңыз.
• Қол не аяқты айналмалы бөліктердің жанында немесе астында ұстамаңыз. Шығару саңылауынан
әрдайым алшақ тұрыңыз.
• Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда көгалшапқышты көтермеңіз немесе тасымаңыз.
• Қозғалтқышты тоқтатыңыз және оталдыру білтесінің сымын ажыратыңыз, барлық жылжымалы
бөліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіңіз және оталдыру кілті бар болса, оны шығарыңыз.
Түпнұсқа нұсқаулардың аудармасы
Ұ Қ
140
2. Қ
Ұ Қ
- Бітелген жерлерді тазарту немесе науаны тазалау алдында.
- Көгалшапқышты тексеру, тазалау немесе оның үстінде жұмыс істеу алдында.
- Бөгде затпен соқтығысқан соң. Көгалшапқышты қайта іске қосу және қолдану алдында
көгалшапқышта зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз және жөндеу өткізіңіз.
- Көгалшапқыш қалыпсыз дірілдей бастаса (дереу тексеріңіз).
• Қозғалтқышты тоқтатыңыз және оталдыру білтесінің сымын ажыратыңыз, барлық
жылжымалы бөліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіңіз және оталдыру кілті бар
болса, оны шығарыңыз.
- Көгалшапқышта әр қалдырған сайын.
- Отын құю алдында.
• Қозғалтқыш өшірулі болған кезде дроссель реттеуін азайтыңыз және қозғалтқыш
өшіру клапанымен жабдықталған болса, шабуды аяқтаған соң отын беруді өшіріңіз.
қ қ
ө
қ
• Жабдықтың қауіпсіз жұмыс күйінде екендігіне көз жеткізу үшін барлық гайкалар,
болттар мен бұрандаларды тартылған күйде ұстаңыз.
• Бакта бензині бар жабдықты ешқашан бу ашық жалынға жетуі немесе тұтануы мүмкін
ғимаратта сақтамаңыз.
• Құралды пайдаланған соң ғимарат ішіне кірместен бұрын кемінде екі сағатқа сыртта
қалдыру керек.
• Кез келген жабық қапта сақтаудан бұрын қозғалтқышты суытыңыз; көгалшапқышты
сақтау алдында тазалап шығыңыз және күтім көрсетіңіз.
• Өрт шығу қаупін азайту үшін қозғалтқышты, дыбыс басқышты, батарея бөлімін және
бензин сақтау аймағын шөптен, жапырақтардан немесе шамадан артық майдан таза
күйде ұстаңыз.
• Шөп жинағышта тозған немесе ескірген жерлердің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз.
• Тозған немесе зақымдалған бөліктерді қауіпсіздік мақсатында алмастырыңыз.
• Отын багын ағызу қажет болса, осы әрекетті сыртта орындаған жөн.
• Қате жолмен техникалық қызмет көрсету, сәйкес келмейтін қосалқы компоненттерді
пайдалану немесе қауіпсіздік компоненттерін алу/модификациялау нәтижесінде
көгалшапқышқа зақым тиюі және операторлар ауыр жарақат алуы мүмкін.
• Тек қана ұсынылған жүздер мен қосалқы бөліктерді пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес
бөліктерді пайдалану нәтижесінде аспапқа зақым тиюі және операторлар жарақат алуы
мүмкін. Көгалшапқышты жақсы жұмыс күйінде сақтаңыз.
• Жүзді тоқтатқыш құрылғы жұмыс істемесе, көмек алу үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
: Айналмалы жүзге тимеңіз.
: Қозғалтқышты тоқтатып, жақсы желдетілген жерде отын
құйыңыз.
Түпнұсқа нұсқаулардың аудармасы
141
KZ