Bosch Professional GHG 20-60 Manual Original página 84

Ocultar thumbs Ver también para Professional GHG 20-60:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 18
84 | Қазақ
Әрдайым алдымен ауа көлемі мен температура бойынша
сынақ өткізіңіз. Үлкен арақашықтықтан және төменгі қуат
деңгейінен бастаңыз. Арақашықтық пен қуат деңгейін
қажетінше реттеңіз.
Егер қай материалды өңдеу қажеттігіне немесе ыстық
ауаның материалға түсіретін әсеріне сенімді болмасаңыз,
әсерді көрінбейтін жерде тексеріңіз.
"Терезе жақтауынан лакты жою" басқа барлық жұмыс
мысалдарында керек-жарақсыз жұмыс істеуге болады.
Ұсынылған керек-жарақтарды пайдалану жұмысты
оңтайландырып, нәтиженің сапасын айтарлықтай
көтереді.
Осы ыстық ауа пистолеті үшін Bosch компаниясында
керек-жарақ ретінде қолжетімді болатын барлық
саптамаларды пайдалануға болады.
Саптама ауыстыру кезінде сақ болыңыз! Ыстық
u
саптамаға тимеңіз. Ыстық ауа пистолетін
суытыңыз және ауыстыру кезінде қорғаныш
қолғап киіп жүріңіз. Ыстық саптамадан күйіп
қалуыңыз мүмкін.
Жылдам салқындату үшін сондай-ақ ыстық ауа пистолетін
орнатуға болатын ең төмен температурада аз уақытқа іске
қосуға болады.
Лакты жою/желімді ажырату (A суретін қараңыз)
Жалпақ саптаманы (6) (керек-жарақ) орнатыңыз. Лақты
ыстық ауамен азғантай жұмсартып, содан кейін таза
шпательмен алып тастаңыз. Ұзақ уақыт ыстық ұстау лакты
күйдіріп, жоюды қиындатады.
Жылу арқылы желімнің үлкен мөлшері жұмсарады.
Желім жұмсарғаннан кейін қосылымдарды ажырату
немесе артық желімді жоюға болады.
Тереза жақтауынан лакты жою (B суретін қараңыз)
Міндетті түрде әйнек қорғағыш саптаманы (7)
u
(керек-жарақ) қолданыңыз. Әйнектің жарылу қаупі
бар.
Профильденген аймақтарда лакты сәйкес шпательмен
ажыратып, жұмсақ қылшақпен тазалауға болады.
Су құбырларын еріту (C суретін қараңыз)
Қыздыру алдында су құбырының шың мәнінде бар
u
болғанын тексеріңіз. Су құбырларының сыртқы түрін
әдетте газ құбырларынан ажырату мүмкін емес. Газ
құбырларын ешқашан қыздыруға болмайды.
Бұрыштық саптаманы (8) (керек-жарақ) орнатыңыз.
Мұздатылған жерлерді мүмкіндігінше ағызу құбырының
алдында ағын бағытымен қыздырыңыз.
Зақымдалудың алдын алу үшін пластик құбырларды және
құбырлар арасындағы қосылымдарды аса мұқият
жылытыңыз.
Пластик құбырлардың пішінін өзгерту
(D суретін қараңыз)
Рефлекторлық саптаманы (9) (керек-жарақ) орнатыңыз.
Пластик құбырдың сынуын жол бермеу үшін оны құммен
толтырып, екі жағынан жауып қойыңыз. Құбырды алға-
артқа ақырындап және біркелкі жылжыту арқылы
жылытыңыз.
1 609 92A 73E | (13.12.2021)
Пластмассаны дәнекерлеу (E суретін қараңыз)
Редукторлық саптаманы (12) және дәнекерлеу
табанын (11) (екеуі де керек-жарақтар) орнатыңыз.
Дәнекерленетін дайындамалар мен дәнекерлеу
сымының (10) (керек-жарақ) материалы бірдей болуы
керек (мысалы, екеуі де ПВХ). Дәнекерленетін жер таза
және майсыз болуы керек.
Дәнекерленетін жерді абайлап, қамырға ұқсағанша
қыздырыңыз. Пластмассаның қамыр мен сұйық күйлері
арасындағы температура диапазонының төмен
болғанына көз жеткізіңіз.
Дәнекерлеу сымын (10) алып келіп, біркелкі қалыңдау
пайда болғанша саңылауға кіргізіңіз.
Жұмсақ дәнекерлеу (F суретін қараңыз)
Нүктелі дәнекерлеу үшін редукторлық саптаманы (12), ал
құбырларды дәнекерлеу үшін рефлекторлық
саптаманы (9) орнатыңыз (екеуі де керек-жарақтар).
Егер флюссіз дәнекерлесеңіз, дәнекерлеу майын немесе
пастасын дәнекерленетін бетке жағыңыз. Дәнекерленетін
бетті жылытып, дәнекер қосыңыз. Дәнекер дайындама
температурасында еруі тиіс.
Қажет болса, дәнекерлеу орны суығаннан кейін, флюсті
жойыңыз.
Қысу (G суретін қараңыз)
Рефлекторлық саптаманы (9) (керек-жарақ) орнатыңыз.
Термиялық кеметін шлангінің (13) (керек-жарақ)
диаметрін дайындамаға сай таңдаңыз. Термиялық
кеметін шлангіні дайындамада бір қалыпта жатқанша
біркелкі жылытыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын ыстық ауа
u
пистолетінің желілік ашасын розеткадан суырып
шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін ыстық ауа
u
пистолеті мен желдеткіш ойықтарды таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ghg 20-60 professional

Tabla de contenido