Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (4) басып
тұрыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (4) бұғаттау үшін оны басып ұстап
реттеу түймешесін (5) қосымша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (4) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Тербелу санын алдын ала таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (3) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз.
Көшіру деңгейі және тегістелген бет сапасы тегістеу
дискін таңдау, таңдалған тербелулер саны және басу күші
арқылы реттеледі.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін
бірқалыпты басуға талпыныңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқалы Bosch ажарлау жабдықтарын
пайдаланыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
Bosch Power Tools
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа
2012/19/EU ережесі және ұлттық заңдарға сайкес
пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек
жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.
Қазақ | 119
1 609 92A 4J9 | (17.07.2018)