Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
Құрылғыны алғашқы рет пайдалану
алдында, осы қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқауларын жəне
түпнұсқалық пайдалану нұсқаулығын
оқып шығыңыз. Көрсетілген нұсқауларды
орындаңыз.
Бұйымды іске қосу алдында бұйымның
графикалық пайдалану бойынша нұсқаулығын
жəне осы қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулықты қарап шығыңыз.
Пайдалану нұсқаулығына қосымша құрылғы
пайдаланылатын елдің қауіпсіздік техникасы мен
қайғылы жағдайлардың алдын алудың жалпы
нұсқауларын сақтау керек.
Техникалық қауіпсіздік
бойынша жалпы нұсқаулар
ҚАУІП
Тұншығу қаупі! Қаптама
пленканы балалардан алыс
ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ
Дене, сезім немесе ақыл-ой
қабілеттері шектеулі
немесе тəжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдар бақылау
астында немесе бұйымды
қауіпсіз қолдану туралы
нұсқау алғанда жəне оған
қатысты тəуекелдерді
түсінген жағдайда ғана бұл
оны қолдана алады.
Балаларды бұйыммен
ойнамайтындай етіп
қадағалап тұрыңыз.
8 жастан үлкен балалар
олардың қауіпсіздігі үшін
жауапты тұлғаның
тарапынан бұйымды
пайдалануға машықтанған
немесе қадағаланған жəне
бұйымды пайдаланудан
туындайтын қауіптерді
түсінген жағдайда ғана
бұйымды пайдалана алады.
Балалар тазалау жəне
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын тек біреудің
бақылауында орындай алады.
Бұйымдағы белгілер
Шлюз
Құрылғыны тек бөлмелерде
пайдаланыңыз
Кірісі 6.745–110.0 рұқсат етілген қуат
беру блогын ғана пайдаланыңыз: 5 В/
1 A
Шлюзге арналған қауіпсіздік
техникасы бойына
Құрылғыны немесе ашалы
қуат беру блогын ашуға
қатаң тыйым салынады.
Жалғастырғыш кабельді
ешкім баспайтындай
немесе шалынып
қалмайтындай етіп жүргізу
керек.
Құрылғыны жинаққа кіретін
ашалы қуат беру блогымен
немесе тиісті
алмастырылатын
құрылғымен (тапсырыс беру
нөмірі: 6.745-110.0) ғана
пайдалануға рұқсат
беріледі.
Ашалы қуат беру блогын
кез келген уақытта
қолжетімді, параметрлері
типтік кестедегі мəндерге
сəйкес келетін желілік
розеткаға əрқашан
жалғаңыз.
Құрылғыны сұйықтыққа
толық батыруға қатаң тыйым
салынады.
Қазақша
нұсқаулар
37