Қауіпсіздік Нұсқаулары; Қазақша - Bosch 3 601 F26 0 Serie Manual Del Usuario

Ocultar thumbs Ver también para 3 601 F26 0 Serie:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
OBJ_BUCH-2018-003.book Page 139 Tuesday, January 21, 2014 1:55 PM
Қaзақша
Сәйкестік туралы сертификат Нөмірi
RU C-DE.ME77.B.01020
Сәйкестік туралы сертификаттың
қолданылу мерзімі 12.12.2018 дейін
„Электр-машинақұрылысы өнімдері сапа
жүйесін сертификаттау орталығы" ЖШҚ
141400, Мәскеу облысы, Химки қ.
Ленинградская к., 29
Сәйкестік туралы сертификаттар мына мекенжайда
сақталады:
ТОО „Роберт Бош"
050050, Казахстан, г.Алматы,
пр-т Райымбека, уг.ул.Коммунальная, 169/1
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
ЕСКЕРТУ
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе
ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған „Электр
құрал" атауының желіден қуат алатын электр құралдарына
(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын
электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
 Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған
жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған
жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі
мүмкін.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды
пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып,
шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.
 Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар
және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз.
Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
 Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы
қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес.
Жерге қосулы электр құралдарменен ешқандай
адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген
айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр
тоқ соғу қауіпін төмендетеді.
 Құбыр, жылытатын жабдық, плита және суытқыш
сияқты жерге қосулы құралдар сыртына тимеңіз.
Bosch Power Tools
Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу
қаупі артады.
 Электр құралдарын ылғалдан, сыздан сақтаңыз.
Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының
соғу қаупін арттырады.
 Элекр құралды алып жүру, асып қою немесе
айырын розеткадан шығару үшін кабельді
пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір
шеттерден немесе құралдың жылжыма
бөлектерінен алыс жерде ұстаңыз. Зақымдалған
немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
 Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз,
тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты
пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған
ұзартқышты пайдалану электр тоғының соғу қаупін
төмендетеді.
 Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану
қажет болса, автоматты сақтандырғыш
ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты
сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін
төмендетеді.
Адамдар қауіпсіздігі
 Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл
бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз.
Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь
немесе дәрі әсері астында электр құралды
пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда
секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
 Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш
көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе
пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ
сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
 Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр
құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда,
оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп
тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе
құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым
оқиғалға алып келуі мүмкін.
 Электр құралын қосудан алдын реттейтін
аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз.
Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде
тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз
күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ
бақылайсыз.
 Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
Қaзақша | 139
1 609 92A 0LW | (21.1.14)
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido