Bosch PBD 40 Manual Original página 163

Ocultar thumbs Ver también para PBD 40:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 32
Жеткізілім жиынтығы
Жинақтағы барлық бөліктерді абайлап орауыштан
шығарып алыңыз.
Электр құралын алғаш рет іске қосудан бұрын төменде
жазылған бөліктердің барлығы жинақта бар-жоғын
тексеріңіз:
– Бұрғылау бағаны (4) бар жетек блогы (12)
– Тірек тақтасы (1)
– Жылдам қысқыш (3)
– Параллель тірек (19)
– Алты қырлы дөңбек кілт (23)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Бөлек бөліктерді монтаждау
(A суретін қараңыз)
Алғаш рет іске қосудан бұрын электр құралын
төмендегідей құрастыру қажет:
– Жылдам қысқышты (3) бұрғылау бағанының (4) үстіне
жылжытыңыз.
– Бұрғылау бағанын (4) тірек тақтасына (1), бағыттауыш
біліктер (25) бағыттауыш ойықтан (26) алынатындай
етіп, енгізіңіз.
– Бекіткіш бұранданы (24) алты қырлы дөңбек
кілтпен (23) бұрап бекітіңіз.
Жұмыс аймағына монтаждау
(B суретін қараңыз)
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (18)
пайдаланылады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
Bosch Power Tools
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Құралды алмастыру (C суретін қараңыз)
Жетек блогы (12) зауыттан екі төлкесі бар жылдам
қысқыш бұрғылау патронымен (16) бірге жеткізіледі.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу
– Бекіткіш сақинаны (27) "UNLOCK" бағытымен
бұраңыз.
– Қысқыш төлкені (29) алмалы-салмалы аспап (17)
енгізілгенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты (17) толықтай енгізіп, оны
құрал бекіткішінде ұстап тұрыңыз және қысқыш
төлкені (29) сағат тілінің бағытына қарсы қолмен
мықтап бұраңыз. Бұл ретте ұстағыш сақинаны (28)
берік ұстаңыз.
– Бекіткіш сақинаны (27) "LOCK" бағытымен бұраңыз.
Нұсқау: шағын бұрғыларды орнату кезінде құрал
бекіткішін алдымен шамамен алынған бұрғы диаметріне
реттеп шығыңыз. Кері жағдайда бұрғы ортаға тиісінше
келмей енгізілуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
– Бекіткіш сақинаны (27) "UNLOCK" бағытымен
бұраңыз.
– Қысқыш төлкені (29) алмалы-салмалы аспап (17)
шығарылғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралында әр өзгерістен кейін бұрандалар
u
мен қысқыш иінтіректі қайтадан бұрап бекітіңіз.
Жұмыс істеуге дайындық
Жұмыс аймағын жарықтандыру (D суретін қараңыз)
Тікелей жұмыс аймағы жеткілікті түрде
жарықтандырылғанына көз жеткізіңіз.
– Дисплейді (14) іске қосу үшін ажыратқышты (13)
күйіне бұраңыз.
– Жарық блогын (22) (30) түймесі арқылы қосыңыз.
Дисплейде (14) "Жарық" индикаторы көрсетіледі.
Дайындаманы тиісінше орналастыру
(E суретін қараңыз)
Лазерлік крест дәл бұрғылау орнын көрсетеді.
Қазақ | 163
1 609 92A 4N5 | (25.09.2020)
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido