Bosch GRO 12V-35 Professional Manual Original página 156

Ocultar thumbs Ver también para GRO 12V-35 Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
156 | Қазақ
Тегістеу керек-жарақтардың есептелген
u
жылдамдығы кемінде электр құралында
белгіленген максималдық жылдамдыққа тең
болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек
істеп тұрған тегістеу керек-жарақтары сынуы, ұшып
кетуі мүмкін.
Пайдаланатын жұмыс құралының сыртқы
u
диаметрі мен қалыңдығы электр құралының
өлшемдеріне сай болуы керек. Қате өлшемде керек
жарақтар дұрыс басқарылмайды.
Дөңгелектер мен құммен тазалау барабандарын
u
қондыру орнының өлшемдері электр құралының
шпинделіне немесе цангасына сай болуы тиіс.
Электр құралының орнату аспаптарына сай болмаған
керек-жарақтар теңгерімнен шығып, қатты тербеліп,
бақылауды жоғалтуға әкеледі.
Құралбілікте орнатылған дөңгелектер, құммен
u
тазалау барабаны, кескіштер немесе басқа керек-
жарақтар төлке немесе патронға толығымен
салынуы керек. Егер құралбілік дұрыс бекітілмесе
және/немесе дөңгелек көп шығып тұрса, орнатылған
дөңгелек босап, қатты жылдамдықта шығуы мүмкін.
Зақымдалған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
u
Әр пайдаланудан алдын абразивті дөңгелек сияқты
керек-жарақтарды сынық пен жарықтарға, құмман
тазалау барабаын етек дискіні жарықтарға, тозу
немесе артықшылықтарына, сым қылшақты бос
немесе сынған сымдарға тексеріңіз. Егер электр
құралы немесе керек-жарақтар түсіп кетсе, оның
зақымдалмағанын тексеріңіз, қажет болса
зақымдалмаған керек-жарақтарды орнатыңыз.
Керек-жарақтарды тексеріп орнатудан соң, өзіңізді
және басқа адамдарды айналып тұрған керек-
жарақтар аймағынан алыстатып, электр құралын
максималды жүктеусіз жылдамдықпен бір минут
айналдырыңыз. Зақымдалған керек-жарақтар әдетте
сынақ уақытында сынады.
Жеке қорғаныс құралдарын (қауіпсіздік
u
көзілдірігін, қорғаныс қалқаны, бас киім және т.б.)
пайдаланыңыз. Пайдалануға байланысты
қорғағыш масканы, қауіпсіздік көзілдіріктерін
қолданыңыз. Керек болғанда, шаң маскасын,
құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті
бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай
алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз.
Түрлі·жұмыстар барысында пайда болатын
ұшатын·бөтен бөлшектерден қорғайтын қауіпсіздік
көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң маскасы немесе
респиратор ұсақ бөлшектерден, шаңнан қорғауы
керек. Ұзақ шулар есту қабілетін жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
Бөтен адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз
u
аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс
аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғағыш
жабдықтарды киюі керек. Дайындама бөлшектері
немесе сынған керек-жарақтар ұшып, әрекет
аймағынан тыс жайда жақарат тигізуі мүмкін.
1 609 92A 54U | (26.07.2019)
Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
u
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
Іске қосылғанда аспапты әрдайым қолда қатты
u
ұстаңыз. Мотордың реакция бұрау моменті, толық
жылдамдыққа көтерілгенде аспапты бұрап кетуі
мүмкін.
Оңай болғанда дайындаманы тіреу үшін
u
қысқыштарды пайдаланыңыз. Кіші дайындаманы
ешқашан бір қолда ұстап екінші қолмен аспапты
ұстап істетпеңіз. Кіші дайындаманы қысып қолдарды
аспапты бақылау үшін пайдалануға болады. Қада,
құбыр немесе тюбинг сияқты домалақ материалдар
кесіліп тұрғанда айналып кетіп қонырманы тартып
кетуі немесе сізге қарай секріуіне алып келуі мүмкін.
Кабельді айналып тұрған аспаптардан алыс
u
ұстаңыз. Бақылауды жоғалтсаңыз, кабель кесіліп
немесе тартылып кетіп, қолыңыз айналып тұрған
аспапқа тартылуы мүмкін.
Айналып тұрған аспап толық тоқтағанша электр
u
құралын қоймаңыз. Айналып тұрған керек-жарақтар
бетке тиіп, электр құралы бақылаудан шығуы мүмкін.
Қондырмаларды алмастырып немесе өзгертіп,
u
цанка сомыны, ұстағыш немесе кез келген басқа
сәйкестендір құрылғылары қатты тартылғанын
қамтамасыз етіңіз. Бос сәйкестендіру құрылғылары
күтілмегенде көтеріліп, бақылау жоғалтуына алып
келіп, бос айналған бөлшектер күшті лақтырылуы
мүмкін.
Электр құралын қасыңызда көтеріп тұрғанда
u
қоспаңыз. Айналып тұрған аспаптарға кездейсоқ тию
киіміңізді ұстап, аспапты денеңізге жақын апаруы
мүмкін.
Электр құралының желдету саңылауларын жиі
u
тазартыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші шаңды корпус
ішінде тартып, ұнтақталған металдың көп жиналуы
электрленуге алып келі мүмкін.
Электр құралын жанатын материалдарға жақын
u
пайдаланбаңыз. Ұшқындар осы материалдарды
тұтандыруы мүмкін.
Суытқыш сұйықтықты қажет ететін жұмыс
u
құралын пайдаланбаңыз. Су немесе басқа да
суытқыш сұйықтықты пайдалану электр тоғының
соғуына алып келуі мүмкін.
Кері соққы және тиісті·ескерту нұсқамалары
Қайтарым бұл соғылған немесе ұсталған айналып тұрған
дөңгелек, құммен тазалау барабаны, қылшақ немесе
басқа керек-жараққа болатын реакция. Соғу немесе ұстау
айналып тұрған аспаптың құлап кетуіне және электр
құралының бақылаусыз айналуына, байланыс жайында
қарсы бағытта айналуына алып келеді.
Мысалы, егер кесу дөңгелегі дайындамада тұтылса
немесе бұғатталса, сол жерде қысылып, дөңгелектің
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido