Жалпы Ақпарат - Dremel 7750 Traducción De Las Instrucciones Originales

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 78
шамы қызыл түстен жасыл түске айналғанда
аяқталады.
6. Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін,
зарядтау мерзімі аяқталған соң зарядтаушы
құралды құралдан ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ:
0°C-тан төмен және 40°C-тан жоғары температураларда
зарядтамаңыз; бұл батареяның да, зарядтаушы
құралдың да елеулі зақымдалуына апарып соғады.
Зарядтау барысында зарядтаушы құрал мен батарея
қызып кетуі мүмкін; бұл қалып жағдай болып, еш
мәселені білдірмейді.
Жаңа немесе ұзақ мерзім бойы пайдаланылмаған
батарея шамамен 5 зарядтау/заряд босату циклі
орындалмағанша өзінің толық қуаттылығын
арттырмайды.
Әрекеттің бірнеше минуты ғана өткен соң батареяны
қайтадан зарядтауға әрекеттенбеңіз; бұл жұмыс
уақытының және батарея тиімділігінің азаюына әкелуі
мүмкін.
Батарея табиғи ортадан бөлек сақталуы тиіс және
қалыпты тұрмыстық қоқыс ретінде жойылмауы тиіс
(белгі
кәдеге жарату қажеттілігі туындағанда осы
мәселе жайында еске салады).
Құралды ұзақ пайдаланбау мерзімдерін болжап
отырсаңыз, зарядтаушы құралды қуат көзінен
ажыратқан жөн.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Dremel көп функциялы құралы - аса дәлдікті
қажет ететін және күрделі жұмыстарды орындауға
арналған дәлдігі жоғары құрал. Кең ауқымды
Dremel аксессуарлары мен тіркемелері алуан түрлі
жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді. Оған тегістеу,
жону, ою, бұрыс пішін салу, тазалау және жылтырату
сияқты жұмыстар жатады.
1-СУРЕТ
A. Білік құлпының түймесі
B. Қосу/өшіру және 3 жылдамдықты сырғыту қосқышы
C. Желдету саңылаулары
D. Зарядтаушы құралдың штепсельдік ұясы
E. Зарядтау шамы
F. Корпус
G. Цанга гайкасы
H. Цанга
I.
EZ Twist біріктірілген бұрауыш кілті/алдыңғы қақпағы
J. Білік
K. Кілт
L. Зарядтаушы құрал
ЦАНГАЛАР
Dremel аксессуарлары әртүрлі артқы ілмек
өлшемдерімен қоса көп функциялы құрал үшін
қолжетімді. Әртүрлі артқы ілмек өлшемдерін
сәйкестендіру үшін төрт өлшемді цангалар қолжетімді.
Цанга өлшемдері цанганың артқы жағындағы сақиналар
арқылы анықталады.
2-СУРЕТ
A. Цанга гайкасы
B. 3,2 мм сақинасы жоқ цанга (480)
C. 2,4 мм үш сақинасы бар цанга (481)
D. 1,6 мм екі сақинасы бар цанга (482)
E. 0,8 мм бір сақинасы бар цанга (483)
F. Идентификациялық сақиналар
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір көп функциялы құрал
жинақтарында цанганың барлық төрт өлшемі
болмауы мүмкін. Цангалар бөлек қолжетімді.
Пайдалануды жоспарлап жатқан аксессуардың
артқы ілмегінің өлшемімен сәйкес келетін цанганы
пайдаланыңыз. Диаметрі үлкен артқы ілмекті кіші
цангаға күштемеңіз.
ЦАНГАЛАРДЫ АУЫСТЫРУ
3-СУРЕТ
A. Кілт
B. Білік құлпының түймесі
C. Цанга гайкасы
D. Босату үшін
E. Бекіту үшін
1. Білік құлпының түймесін басып, білік құлыпқа
қосылғанша ұстаңыз да, қолыңызбен
айналдырыңыз. Көп функциялы құрал іске қосулы
кезде білік құлпының түймесін қоспаңыз.
2. Білік құлпының түймесі қосулы кезде, цанга
гайкасын босатып, алып тастаңыз. Қажет болса,
цанганың сомынды бұрайтын кілтін пайдаланыңыз.
3. Цанганы біліктен тарту арқылы алып тастаңыз.
4. Сәйкес өлшемді цанганы толығымен білікке
орнатыңыз және саусақпен бекітілген цанга
гайкасын қайта орнатыңыз. Кескіш немесе аксессуар
орнатылмаған кезде гайканы толығымен бекітпеңіз.
АКСЕССУАРЛАРДЫ АУЫСТЫРУ
1. Білік құлпының түймесін басып, білік құлыпқа
қосылғанша қолыңызбен айналдырыңыз. Көп
функциялы құрал іске қосулы кезде білік құлпының
түймесін қоспаңыз.
2. Білік құлпының түймесі қосулы кезде, цанга гайкасын
босатыңыз (алып тастамаңыз). Қажет болса,
цанганың сомынды бұрайтын кілтін пайдаланыңыз.
3. Кескіш немесе аксессуардың артқы ілмегін
толығымен цангаға енгізіңіз.
4. Білік құлпының түймесі қосулы кезде, кескіш немесе
аксессуардың артқы ілмегі цангаға тірелмегенше
цанга гайкасын саусағыңызбен бекітіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Dremel аксессуарын пайдалану туралы
қосымша ақпарат алу үшін бірге берілген нұсқауларды
міндетті түрде оқып шығыңыз.
Dremel арқылы тексерілген, өнімділігі жоғары
аксессуарларды ғана пайдаланыңыз.
EZ TWIST™ БІРІКТІРІЛГЕН СОМЫНДЫ БҰРАЙТЫН
КІЛТІ/АЛДЫҢҒЫ ҚАҚПАҒЫ
4-СУРЕТ
A. EZ Twist біріктірілген бұрауыш кілті/алдыңғы қақпағы
B. Білік құлпының түймесі
C. Цанга гайкасы
D. Босату үшін
E. Бекіту үшін
Сіздің құралыңыздың алдыңғы қақпағын стандартты
сомынды бұрайтын кілтін пайдаланбай, цанга гайкасын
босатуға және бекітуге мүмкіндік беретін біріктірілген
сомынды бұрайтын кілті бар.
1. Алдыңғы қақпақты құралдан босатып, қақпақтың
ішіндегі болат ендірмені цанга гайкасымен
теңестіріңіз.
2. Білік құлпы қосулы күйде цанга гайкасын босату
үшін алдыңғы қақпақты сағат бағытына қарсы
бұрыңыз. Көп функциялы құрал іске қосулы кезде
білік құлпының түймесін қоспаңыз.
3. Кескіш немесе аксессуардың артқы ілмегін
толығымен цангаға енгізіңіз.
159
loading

Este manual también es adecuado para:

7750-10