Ақаулықтарды жою
Басқару тақтасындағы жарық диодтары қосылмайды
Қуат кабелін және розетканы тексеріңіз. Егер розетка қосқышпен немесе
таймермен басқарылатын болса, басқа розетканы пайдаланыңыз.
Басып шығарып жатпағанда жарық диоды қосулы
ERROR (ҚАТЕ)
(жыпылықтамайды)
Егер RECEIPT OUT (ТҮБІРТЕК БІТТІ) немесе JOURNAL OUT (ЖУРНАЛ БІТТІ)
жарық диоды қосулы болса, қағаз орамы орнатылмаған немесе бітуге жақын.
Егер бұл жарық диодтары өшірулі болса, қақпақ дұрыстап жабылмаған.
Басып шығарып жатпағанда (және қағаз кептелісі
ERROR (ҚАТЕ)
болмағанда) жарық диоды жыпылықтайды
Басып шығару механизмі артық қызған болуы мүмкін. Басып шығару механизмі
суығаннан кейін басып шығару жалғасады. Егер бұл орын алмаса, принтер 10
секундқа өшеді, содан кейін қосылады. Егер әлі мәселе бар болса, білікті
қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
Принтер басып жатқандай болады, бірақ ештеңе басылмайды
Лентаның орнатылуын және лентаның тозуын тексеріңіз.
Нүктелер жолы жоқ
Басып шығару механизмі зақымдалған болуы мүмкін. Басып шығаруды
тоқтатып, білікті қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
Кептелген қағазды алу
Басып шығару механизмін ұстамаңыз, себебі басып шығарғаннан кейін ол өте
ыстық болуы мүмкін.
1.
Принтерді өшіріп, принтер қақпағын ашыңыз.
2.
Журнал қағаз орамы кептелсе,
немесе пышақпен кесіп, алу шпулясын алыңыз.
11
3.
-суретте көрсетілгендей қағаз орамдарынан қағазды кесіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
10
-суретте көрсетілгендей қайшымен
Пайдаланушы нұсқаулықтары 95
Қазақ тілі