Bosch Professional GTC 600 C Manual Original página 211

Ocultar thumbs Ver también para Professional GTC 600 C:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 37
жылылықты өткізетін қоңыр, күңгірт жабысқақ таспаны
жабыстырыңыз. Таспаның температурасын үстіңгі бетке
қысқаша бейімдеңіз.
Басқа нысандардың шағылысатын жылылық сәулеленуі
нәтижеге әсер етпеуі үшін, шағылысатын беттерде
жарамды өлшеу бұрышына көз жеткізіңіз. Мысалы,
алдыңғы жақтан тігінен өлшеу кезінде, өзіңіздің
сәулеленген дене жылылығыңыздың шағылысуы
өлшеуге әсер етуі мүмкін. Жалпақ беттерде өлшенетін
үстіңгі беттің шынайы температурасына сәйкес келмейтін
(үстіңгі беттің сәулеленген немесе нақты мәні) денеңіздің
контуры мен температурасы көрсетілуі мүмкін.
Мөлдір материалдарда (мысалы, шыны немесе мөлдір
пластик) өлшеу жұмыс қағидасына байланысты мүмкін
емес.
Өлшеу шарттары неғұрлым жақсы және тұрақты болса,
өлшеу нәтижелері соғұрлым дәл және сенімді болады.
Бұл ретте тек қоршаған орта шарттарының қатты
температура ауытқулары ғана релевантты емес,
өлшенетін нысан температурасының қатты ауытқулары
да дәлдікке әсер ете алады.
Инфрақызыл температураны өлшеу әрекетіне түтін, бу/
жоғары ауа ылғалдылығы немесе шаңды ауа әсер етеді.
Өлшеу дәлдігін жақсарту бойынша нұсқаулар:
– Өзіңіз бен өлшеу бетінің арасындағы кедергілерді
барынша азайту үшін өлшеу нысанына барынша
жақындаңыз.
– Өлшеуден бұрын, әсіресе ауа лас немесе өте булы
болғанда, ішкі жайларды желдетіңіз. Бөлмені
желдеткеннен біраз уақыт температурасын әдеттегі
температураға жеткенше қалпына келтіріңіз.
Температураларды шкала бойынша тағайындау
Дисплейдің оң жағында шкала (h) көрсетіледі.
Жоғарғы және төменгі шеттегі мәндер
термограммада жазылған максималды
температураға (g) немесе минималды
температураға (i) негізделеді. Шкала үшін
бүкіл пиксельдің 99,9% есептеледі. Түстің
кескіндегі температура мәніне тағайындалуы
біркелкі үлестіру арқылы (сызықтық) жүзеге
асады.
Әртүрлі реңктердің көмегімен осы екі шектік
мәннің ішіндегі температураларды
тағайындауға болады. Максималды мен
минималды мәндердің тура арасында жатқан
температура мысал ретінде шкаланың ортаңғы
түс аймағына тағайындалады.
Белгілі бір аймақтың температурасын анықтау үшін
өлшеу құралын, температура индикаторы бар қиылысу
(l) қалаулы нүктеге немесе аймаққа бағытталатындай,
жылжытыңыз. Автоматты реттеуде шкаланың түстер
спектрі әрдайым максималды немесе минималды
температураның ішіндегі бүкіл өлшемдер диапазонына
сызықтық (= біркелкі) түрде үлестіріледі.
Өлшеу құралы өлшемдер диапазонындағы өлшенген
барлық температураларды бір-біріне қатысты көрсетеді.
Bosch Power Tools
Егер бір диапазонда, мысалы, түрлі-түсті көрсетілімде,
жылылық түстер палитрасында көкшіл болып көрсетілсе,
бұл көкшіл диапазондар ағымдағы өлшемдер
диапазонындағы суығырақ өлшеу мәндеріне қатысты
екендігін білдіреді. Алайда бұл диапазондар кейбір
жағдайларда жарақат алуға әкеле алатын температуралар
диапазонында болуы мүмкін. Сондықтан әрдайым
шкалада немесе тікелей қиылысуда көрсетілген
температураларға назар аударыңыз.
Функциялар
Түстердің көрсетілімін реттеу
Өлшеу жағдайына байланысты әртүрлі түстер
палитралары термограмманы талдау әрекетін жеңілдете
алады және нысандарды немесе жағдайларды дисплейде
түсініктірек көрсете алады. Өлшенген температураларға
бұл ретте еш әсер етілмейді. Бұл тек қана температура
мәндерінің көрсетілімін өзгертеді.
Түстер палитрасын ауыстыру үшін өлшеу режимінде
қалып, оң (10) немесе сол (14) жақ көрсеткі түймесін
басыңыз.
Термограмма мен шынайы кескінді
қабаттастыру
Бағдарлауды (= көрсетілген термограммалардың
кеңістіктік тағайындалуы) жақсарту үшін, температуралар
диапазондары теңестірілген кезде, визуалды шынайы
кескінді де қосуға болады.
Нұсқау: шынайы кескін мен термограмманың
қабаттастырылуы 0,55 м шамасындағы қашықтықта дәл
болады. Өлшеу нысанына дейінгі қашықтықтар өзгеше
болған жағдайда, негізінде шынайы кескін мен
термограмманың арасында ығысу пайда болады. Бұл
ығысуды GTC Transfer Software бағдарламалық
жасақтамасының көмегімен туралауға болады.
Өлшеу құралы пайдаланушыға төмендегі мүмкіндіктерді
ұсынады:
– 100% инфрақызыл кескін
Тек қана термограмма көрсетіледі.
– Кескін ішіндегі кескін
Көрсетілген термограмма кесіледі және айналадағы
Қазақ | 211
1 609 92A 4UF | (14.01.2021)
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gtc 600 c professional

Tabla de contenido