Тазалау Және Техникалық Қызмет Көрсету - Moulinex Masterchef Pro Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para Masterchef Pro:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 6
қуат ұяшығынан ажыратыңыз. Мәселенің шешімін табыңыз немесе табақтағы
ингредиенттер мөлшеріназайтыңыз. Асүйлік комбайнды қайта қосар алдында, мотор
суығанша 5 минут күтіңіз.
Жұмыртқаның ақуызын, кілегейді және басқа да ұқсас заттарды көпірту үшін көпіргішті
қолданыңыз. Көпіргіш, қамыр мен картоп пюресі сияқты қою қоспаларды көпірткенге
арналмаған.
Асүйлік комбайнмен кем дегенде 2 үлкен жұмыртқаның ақуызын / 250 мл кілегейді
көпіртуге болады. Көпірткішті сұйықтыққа толықтай батырған кезде, көпірту барысы
әсерлі болады. Аз мөлшердегі ингредиенттер үшін қол араластырғышын қолданған
жөн.
КӨПІРТКІШТІ, ҚАМЫР ІЛМЕГІН ЖӘНЕ ЖАЛПАҚ КӨПІРТКІШТІ БАПТАУ
Жабдық пен табақ түбінің арасындағы қашықтық зауытта алдын ала орнатылған. Қажет
болса, бұл қашықтықты өзгертуге болады:
1) Асүйлік комбайнды өшіріп, оны қуат ұяшығынан
ажыратыңыз.
2) Араластырғыш бастиегін еңкейтіп, жабдықты енгізіңіз.
3) Ажыратқыш кілтін немесе сомын кілтін қолданып, сомынды
босатқан кезде жабдықты бір қолмен ұстап тұрыңыз.
4) Араластырғыш бастиегін түсіріп, білікті бұрап биіктікті
өзгертіңіз. Ең қолайлысы - жабдық табақтың түбімен сәл
жанасып тұрғанда.
5) Араластырғыш бастиегін еңкейтіп, жабдықты ұстап тұрып
сомынды тартып тастаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазаламас бұрын қуат ұяшығынан үнемі ажыратыңыз.
Табақ пен жабдықтарды ыдыс жуғыш машинасында жууға болады. Мотор негізін суға
немесе басқа да сұйықтықтарға матыруға болмайды. Мотор негізін және араластырғыш
бастиегін дымқыл матамен сүртіңіз. Беттерге сызат қалдыратын немесе өңін кетіретін
тазартқыш ұнтақты немесе басқа абразивті тазартқыш заттарды қолданбаңыз. Асүйлік
комбайнды сақтап қояр алдында барлық бөлшектерді кептіріп, мұқият сүртіп алыңыз.
МАҢЫЗДЫ: МОТОРДЫ ЕШБІР СҰЙЫҚТЫҚҚА МАТЫРМАҢЫЗ!
ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
- "алғаш қолданыс алдында" және "қызып кету" тарауларын қараңыз.
- ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗ ӘЛІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ МЕ? Өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз (қызмет көрсету кітапшасындағы тізімді қараңыз).
ЖАБДЫҚТАР
- Араластырғыш
- Қамыр ілмегі
- Көпірткіш
Ескерту: жабдықтарды сатып алу үшін, нұсқаулықтар кітапшасын немесе
құрылғыны көрсету қажет. Болашақта қауіпсіз қолдану үшін сақтап қойыңыз.
39
KK
loading