1.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Құрылғыны орнатар жəне оны қолданар алдында нұсқауды мұқият
оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау немесе пайдалану
нəтижесінде туындаған зақым немесе нұқсандар үшін өндіруші
жауапкершілік алмайды. Келешекте пайдалану үшін осы нұсқаулықты
қауіпсіз əрі қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен мүгедектердің қауіпсіздігі
▪ Бұл құрылғыны кемінде 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ
физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен адамдар
немесе тиісті тəжірибесі мен білімі жоқ адамдар тек оларды тиісті
қадағалау немесе осы құрылғыны пайдалануға байланысты
қауіптерді түсінгендеріне кепілдік беретін құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулықтан өткеннен соң ғана қолдануы
мүмкін.
▪ 3-8 жас аралығындағы балалар жəне кең жəне күрделі сипаттағы
мүгедектер, егер оларға тұрақты бақылау қамтамасыз етілмесе,
құрылғыны пайдалана алмайды.
▪ 3 жасқа дейінгі балалар, егер оларға тұрақты бақылау қамтамасыз
етілмесе, құрылғыны пайдалана алмайды
▪ Балалар құрылғыны ойыншық ретінде қолдана алмайды.
▪ Қаптаманы балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз жəне
дұрыс түрде утилизациялаңыз.
▪ Балалар мен жануарлар жұмыс істейтін құрылғыға қол жеткізе
алмайды.
▪ Балаларға құрылғыны бақылаусыз тазартуға немесе қызмет
көрсетуге рұқсат берілмейді.
1.2 Жалпы қауіпсіздік ережелері
▪ Құрылғы пештердің, плиталардың жəне басқа да ас даярлауға
арналған құрылғылардың үстінен үйде пайдаланылуына арналған.
▪ Кез келген техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бастамас
бұрын, құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
▪ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қолжетімді бөлшектер, ас үй аспаптарымен
бірге қолдану кезінде қызуы мүмкін.
▪ Құрылғымен бірге келетін бекіту бұрандаларын ғана пайдаланыңыз;
егер олар жеткізілмесе, орнату нұсқаулығында ұсынылған
113