шамыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың
бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады.
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған
u
зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек
қана мұндай зарядтағыш құрылғылар аккумуляторлық
шамда пайдаланылатын литий-иондық
аккумулятормен үйлесімді.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық
тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған
күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын
пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық
зарядтаңыз.
Аккумуляторды орнату
Аккумулятор қақпағының (2) ысырмасын босатып
аккумулятор қақпағын (3) қайырыңыз.
Зарядталған аккумуляторды (14) (4) жарық басына
бекітілгенін және жарық басына (4) тығыз тиіп тұрғанын
сезгенше салыңыз.
Аккумулятор қақпағын (3) жабып сосын аккумулятор
қақпағының (2) ысырмасын жабыңыз.
Аккумулятор қақпағын жапқан кезде резеңке шеті
u
дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе шаң
мен шашыраған судан қорғау қамтамасыз етілмейді.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі
байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен
қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор
аккумуляторлық шамға салынған кезде, оны өз орнында
серіппе ұстап тұрады.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің
индикаторы болмайды.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл
түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін
көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін,
аккумуляторлық шам өшірулі кезде ғана тексеруге
болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған
немесе
Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін, ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Bosch Power Tools
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 5× жасыл
Үздіксіз жарық 4× жасыл
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Түймелі элементті іске қосу (A суретін
қараңыз)
Алғаш рет іске қосу үшін түймелі элемент (11) пен оның
контактісінің арасындағы аралық үлдірді алып тастаңыз.
түймесін басыңыз.
Ақырғы мобильді құрылғы аккумуляторлық шамды
аккумулятор (14) салынбаған кезде де анықтай алуы
үшін, шам түймелі элементпен жабдықталған.
Аккумулятор қақпағының бекіткішін (2) босатып,
аккумулятор қақпағын (3) ашыңыз.
Батарея бөлімі қақпағының бұрандасын (9) босатып,
батарея бөлімінің қақпағын (10) шығарыңыз.
Қазақ | 105
Қуаты
60–100%
30–60%
5–30%
0–5%
Қуаты
80–100%
60–80%
40–60%
20–40%
5–20%
0–5%
1 609 92A 9JN | (06.05.2024)