Өнімді пайдалану
Өнімімді және оған тіркелген нәрселерді қорғау
Өнімді жоғалтып алсаңыз, одан өзіңізге хабарландыру жіберту арқылы өнімді қорғай аласыз. Өнім мен
оған тіркелген нәрсені тауып алған және өнімді өзінің мобильді құрылғысымен анықтауға тырысқан
адамның мобильді құрылғысында төтенше жағдай контактісі туралы ақпаратты көрсету және басқалар
оған қосыла алмайтындай етіп, өнімді құлыптау арқылы да өнім мен оған тіркелген нәрсені қорғай аласыз.
Мысалы, өнім тіркелген үй жануары жоғалса, мобильді құрылғыны өнімге жақындатып, оны анықтау
арқылы иесінің байланыс ақпаратын білуге болады.
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін өнімді анықтайтын мобильді құрылы NFC мүмкіндігіне қолдау
•
көрсетуі және стандартты режимге орнатылуы керек.
Өнімді мобильді құрылғымен анықтауға әрекет еткен кезде мобильді құрылғының экраны
•
қосулы болуы және құлпы ашылуы керек. Әйтпесе мобильді құрылғы деректер алмайды.
Өнімді мобильді құрылғымен анықтау үшін мобильді құрылғының NFC антенна аймағын өнім
•
түймесінің үстіне қойыңыз.
1
Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз.
2
Өмір → Find → Қосымша → Жоғалған режимі тармағын түртіңіз.
3
Экрандағы нұсқауларды оқып, Келесі түймесін түртіңіз.
4
Ақпаратты енгізіп, Қосу түймесін түртіңіз.
Қазақ тілі
9
9