Bosch 0 601 9H6 E01 Manual Original página 242

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 42
242 | Қазақ
монтаждалған ажарлауға арналған қорғаныш
қаптама (10) бетон немесе кірпіш қалау бойынша
кесу және ажарлау жұмыстары үшін
пайдаланылған кезде, асқын шаң жүктемесі пайда
болып, электр құралын бақылау мүмкіндігінен
айырылу қаупі көтеріледі, бұл кері соққыны
тудыруы мүмкін.
Тасты кесу үшін алмас кескіш дискілерді пайдаланған
жөн.
Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты
материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмас
кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас
кескіш дискідегі ұшқын осыны білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш
дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа
уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын
ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді.
Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Басқа материалдарды кесу
Пластик, композиттік материалдар және т.с.с.
u
материалдарды композиттік кескіш дискілермен
немесе Carbide Multi Wheel кескіш дискілерімен
кескен кезде әрдайым ажарлауға арналған
қорғаныш қаптаманы (10) монтаждалған кесуге
арналған қаптамамен (11) бірге пайдаланыңыз.
Статика туралы нұсқаулар
Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық
нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті
түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика
жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен
кеңесіңіз.
Іске қосу
Қосу/өшіру
Электр құралды іске қосу үшін (9) босату тұтқышын алға
жылжытып қосқыш/өшіргішті (8) жоғарыға басыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (8)
жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
1 609 92A 7AT | (15.06.2022)
Байланыс функциялары
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге
электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс
функциялары қолжетімді болады:
– Тіркеу және дербестеу
– Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
– Жалпы мәліметтер мен реттеулер
– Басқару
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
Bosch Power Tools
loading

Este manual también es adecuado para:

Gws 18v-180 pc professional3 601 jh6 e