Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
• Бұл құрылғы дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері
шектеулі не тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың
(соның ішінде балалардың) пайдалануына арналмаған.
Қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы пайдалануын
қадағаласа немесе нұсқаулар беріп тұрса ғана олар
құрылғыны пайдалана алады.
• Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
• Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
• Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғы үйде пештердің, тағам пісіргіштердің және
сол тәрізді басқа да пісіру құралдарының үстіне
орналастырып қолдануға арналған.
• Бұл құрылғы ішкі ортада бір отбасының тұрмыстық
пайдалануына арналған.
• Бұл құрылғыны кеңселерде, қонақүй бөлмелерінде,
төсек және таңғы ас қамтамасыз етілетін қонақ
бөлмелерінде, ферма үйлерінде және мұндай
пайдалану (орташа) тұрмыстық пайдалану
деңгейлерінен аспайтын басқа ұқсас тұрғын жайда
пайдалануға болады.
• Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
• САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: Алмалы бөлшектерді пісіру
құрылғыларымен бірге пайдаланғанда ысып кетуі
мүмкін.
111