Hilti NURON NBL 4-22 Manual De Instrucciones página 264

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 49
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
1
3.2
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім аккумуляторлық ауа үрлегіш болып табылады. Ол үстіңгі беттерді құрғақ әдіспен
тазалау үшін кәсіби пайдалануға арналған, мысалы:
терезе орнатымдарынан шаңды кетіру үшін;
жұмыс беттерінен шаңды кетіру үшін;
бұрыштағы шаңды жинау үшін (тиімді жинау және кетіру үшін);
автомобильдерді немесе жүк тиеу беттерін тазалау үшін;
қол жеткізу қиын болатын жерлерде шаңды кетіру үшін.
Өнім тек сыртта пайдалануға арналған.
Ықтимал қате қолдану
Өнім жапырақты немесе көгалдар, автомобиль жолдары, жаяужолдар, көшелер немесе басқа
беттерден ұқсас материалдарды кетіру үшін жарамайды.
Үйлесімді аккумуляторлар мен зарядтағыш құрылғылар туралы ақпарат
Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti компаниясы
бұл өнім үшін оңтайлы қуатқа қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың
соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.
Бұл аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде белгіленген
серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.
3.3
Жеткізілім жинағы
Аккумуляторлық ауа үрлегіш, ауа үрлегіш құбыры, пайдалану бойынша нұсқаулық
Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан
табуға болады: www.hilti.group
3.4
Li­Ion аккумуляторының индикаторлары
Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторлары аккумуляторлардың заряд деңгейін, ақаулық туралы хабарларын
және күйін көрсете алады.
3.4.1
Заряд деңгейінің және ақаулық туралы хабарлардың индикаторлары
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумулятор енгізілген кезде, құлыптан босату түймесін басқаннан кейін аккумулятордың
пайдаланылатын өнімге тиісінше бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Төмендегі индикация көрсеткіштерінің біріне қол жеткізу үшін аккумулятордың құлыптан босату түймесін
қысқаша басыңыз.
Заряд деңгейі және ықтимал ақаулықтар жалғанған өнім қосылып тұрған кезде үздіксіз көрсетіледі.
260
Қазақ
Ауа үрлегіш құбыры
@
Ауа үрлегіш корпусы
;
Үздіксіз жұмыс режимінің құлпы
=
Айналу жиілігінің диапазонын реттегіш
%
дөңгелек
Ажыратқыш
&
Тұтқыш
(
Ауа үрлегішке арналған ауа кірісі
)
Аккумуляторды босату түймесі
+
Аккумулятордың күй индикаторы
§
2353664
*2353664*
loading